Сұрақ-жауап Қауіпсіздік үшін алты мың теңге – Өткен жылдың желтоқсанында мемлекеттік бағдарлама бойынша Балықшыдағы көп қатарлы жаңа үйден пәтер алдым. Қоныстандырған кезде әр пәтерге бүкіл коммуникациялар жүргізілді. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ны қоспағанда бірде-бір монополиске біз қызметті қосқаны үшін ақы төлеген жоқпыз. Бүкіл коммуникацияны – электр желілерін, газды, суды, жылуды жүргізу бюджет қаржысының есебінен жасалды деп болжауға болады. Неліктен «ҚазТрансГаз Аймақ» әр пәтер иесін газ вентильдерін ашу мен стояктарға газ жіберуден тұратын газ құбырына қосу қызметі үшін алты мың теңгедей ақы төлеуге міндеттеп отыр? Сондай-ақ, «ҚазТрансГаз Аймақ» қызметін төлеу кезінде маған тек түбіртекті ғана берді. Менімен ешқандай келісімшарт жасаған жоқ, клиенттерге келісімшарттарды қолға бермейтіндігін айтып желеуретті. Неліктен? Бұл монополист пен тұтынушы арасындағы өзара қарым-қатынастың қарапайым тәжірибесі ғой. 16 сәуір 2015, 00:00 2 686 рет қаралды
Сұрақ-жауап Иттер қабаған болады – Нұрсая ықшамауданы маңындағы жеке секторда иттер өріп жүр, түн болса ұлып, күндіз оқушыларды қорқытады. Бұл проблема шешілу үшін қайда шағымдануға болады? 16 сәуір 2015, 00:00 2 180 рет қаралды
Сұрақ-жауап Мемлекеттік баж салығын кім төлемейді? – Ұлым бала күнінен мүгедек. Әдетте нотариустар бізге мемлекеттік баж салығын төлетпей қызмет көрсетеді. Жақында бізге нотариустың қызметі қажет болып, мүгедектік туралы анықтама мен Салық кодексінің үзіндісін (542-бап) ұсынған едім. Бірақ нотариус бізге қызмет көрсетуден бас тартып, бұл Кодекстің қазіргі уақытта қолданыста жоқ екендігін айтып, мені кеңседен қуып шықты. Мұндай жағдайда қайда шағымдануға болады? 2 сәуір 2015, 00:00 3 333 рет қаралды
Сұрақ-жауап Ұнасын-ұнамасын, көйлек үшін төлеу керек - Ательеге киім тіктіруге тапсырыс бергенмін. Маған олардың жұмысы ұнамады, мен оларға төлеген ақшамды қайтара аламын ба? 26 наурыз 2015, 00:00 2 223 рет қаралды
Сұрақ-жауап Шағымдар кітабы ішкі қолданысқа арналған - Шағымдар мен ұсыныстар кітабын тексересіздер ме? Ондай кітаптардың болуы маңызды ма? 26 наурыз 2015, 00:00 3 887 рет қаралды
Сұрақ-жауап Тауар туралы тиісті ақпарат - Супермаркеттерде немесе дүкендерде азық-түлік тауары туралы қандай ақпарат берілуі тиіс? 26 наурыз 2015, 00:00 6 051 рет қаралды
Сұрақ-жауап Ойын-сауыққа - жиырма минут – Бірнеше жыл бұрын балабақшалардағы орта топқа арналған ертеңгіліктерде шағын театрлық қойылымдар қою үйреншікті іс болатын. Ал, қазір оларды тек жоғарғы топтарға ғана қоюға рұқсат беріп отыр. Тәрбиешілердің айтуларынша, кіші және орта топ балаларына арналған ертеңгіліктердің уақыты көп қысқартылған, өйткені, әдіскерлер ертеңгіліктің қанша уақытқа созылатынын өлшейді екен. Әдіскерлер білім министрлігінің белгілі бір стандарттарына сілтейді. Іс жүзінде мұндай стандарттар бар ма? 26 наурыз 2015, 00:00 3 134 рет қаралды
Сұрақ-жауап Күндізгі бөлімдегілер кейінге қалдырылады – Ұлым 20 жаста, колледжді бітірді, АМжГИ-ның кешкі бөлімінде оқиды. Күндізгі бөлім студенті секілді күн сайын сабаққа барады. Оны әскер қатарына алып кете ме, әлде оқуына байланысты кейінге қалдыра ма? 19 наурыз 2015, 00:00 2 537 рет қаралды
Сұрақ-жауап Жазбаша келісімшарт міндетті емес – Әкем қайтыс болғаннан кейін пәтерді өз атыма рәсімдедім. ПИК-ке хабарласып, келісімшартты да менің атыма қайта рәсімдеуді өтіндім. Ол жердегілер пәтер құжаттарын сұратып, мен қажетті құжаттардың барлығын ұсындым. Ал бір айдан кейін ПИК-тің тұрғындармен келісімшарт жасамайтындығын, менің өзім келісімшарт жасай алатынымды, олар оған қол қоятындығын мәлімдеп, таң қалдырды. Сонда ПИК тұрғындардан қандай негізде ақша алады? Бұл ПИК-те, тіпті, әрбір ПИК-те болуы тиіс кезекші мастер де жоқ. 12 наурыз 2015, 00:00 2 516 рет қаралды
Сұрақ-жауап Салықтық амнистия болады - Мен президент қол қойған 2014 жылдың 28 қараша күнгі ҚР заңы бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығару туралы білгім келеді. 12 наурыз 2015, 00:00 3 936 рет қаралды
Сұрақ-жауап Медициналық тексеруден өткен жөн - ЖШС штатында қызметтік көліктің бір жүргізушісі бар. Оның міндетіне қажет кезінде қызметкерлерді белгілі бір мекемелерге апару кіреді. Кейде құжаттарды адресатқа өзі жеткізеді. Оған ауысымалды (предсменный) медициналық тексеру қажет пе? ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы №166 қаулысымен бекітілген Міндетті медициналық тексеріп-қарауды өткізу қағидаларының 3.1-тармағына сәйкес, тұрақты және тұрақты емес жолаушылар, қол жүктерінің, жүктердің, оның ішінде қауіпті жүктердің тасымалы бағдарларында жұмыс істейтін көлік құралдарының жүргізушілері рейс басталар алдында 30 минут бұрын және рейс аяқталғаннан кейінгі 30 минуттың ішінде тексеріп-қараудан өтуі тиіс. Бұл біздің жағдайға сәйкес келе ме, әлде автобус жүргізушілерін меңзеп тұр ма? Егер біздің жүргізушіге тексеру қажет болса, онда әлдебір медициналық мекемемен келісімшарт жасау керек пе? 12 наурыз 2015, 00:00 2 151 рет қаралды
Сұрақ-жауап Анықтама сатып алыңыз - Жұмысқа орналасу кезінде міндетті түрде наркодиспансерден, психодиспансерден, тубдиспансерден анықтама сұратады. Барлық анықтама да ақылы, өзі жұмыста жоқ адамның оны сатып алуға қалтасы көтермейді. Наркодиспансерден анықтама алу кеше 500 теңге еді, бүгін 700 теңге болып тұр. Бұлар коммерциялық мекемелер емес қой, неге қызметтері ақылы? 12 наурыз 2015, 00:00 2 411 рет қаралды
Сұрақ-жауап Соғыс ардагерлері үшін тегін медицина – Туысым – Ұлы Отан соғысының ардагері әрі мүгедегі. Оған қымбат тұратын аппараттардан медициналық тексеруден өтуге жеңілдіктер бар ма және болса, қандай емханаларда бар екенін нақтылағым келеді? 5 наурыз 2015, 00:00 2 725 рет қаралды
Сұрақ-жауап Жол да жоқ, мектеп те жоқ – Жұлдыз ықшамауданына мектеп қашан салынады? Балаларымызға Геолог пен Бірлік поселкелеріндегі мектептерге баруға тура келеді. Поселкедегі жолдар да нашар. Асфальт тек бір көшеде ғана бар. 5 наурыз 2015, 00:00 2 277 рет қаралды
Сұрақ-жауап Кооператив құрған жөн – Байжігітов көшесінің бойындағы 2 қабатты 8 пәтерлі №76 үй 1930 жылы қамыстан салынған. Орталық кәріз жүйесі жоқ, тек септик бар. Лық толған септиктен кәріздік сарқынды сулар топыраққа ағып кетеді. Ал өзен 100-150 метр жерде орналасқан. Сондықтан қалдықтардың өзенге құйылуы әбден мүмкін. Ал бұл суды қала тұрғындары пайдаланады. Үйдің тозығы жеткен, жылу ұстамайды, пәтерлерде ауыз су тұрбалары қатып қалады. Біз жылу жүйесіндегі суды ішуге мәжбүрміз. Кәріз жүйесінің иісінен қысы-жазы терезені ашу мүмкін емес. Шалшықтарды қамыс басып, шыбын мен масаның ұясына айналған. Санэпидстанса бұл фактілерді елемей отыр. Бұл үй қашан күреледі? 5 наурыз 2015, 00:00 2 376 рет қаралды
Сұрақ-жауап Қанша салса, сонша күреледі – 2014-2020 жылдарға есептелген Атырау қаласындағы апатты, тозығы жеткен баспаналарды және жатақханаларды күреу бағдарламасы қалай орындалуда? 5 наурыз 2015, 00:00 2 074 рет қаралды
Сұрақ-жауап Көрші елге бару қиын емес – Жазда Ресейге бармақпыз. Қазақстандықтарға Ресейге жеке бас куәлігімен баруға бола ма? Тіркелусіз Ресей аумағында қанша уақыт болуға рұқсат етілген? Менімен кәмелетке толмаған бала барады, шығу үшін әкесінің келісімін ресімдеу міндетті ме? 5 наурыз 2015, 00:00 1 957 рет қаралды
Сұрақ-жауап Қауіпті көршілестік – Жұмыскерде балабақшаны жолдың қақ ортасына салып қойған, көбінесе балалар қақпадан шыға салып, көлік жолына жүгіреді. Ал жақын маңда жол кедергілері жоқ. Балабақшадағы ойын алаңы да тар. Жалпы Жұмыскер-1 поселкесінде жол жоқ. Балалар мектепке балшық кешіп баруға мәжбүр. 5 наурыз 2015, 00:00 2 332 рет қаралды
Сұрақ-жауап Атауы жоқ көпірлер – Неліктен қаламыздағы көпірлердің атауы жоқ? 5 наурыз 2015, 00:00 2 670 рет қаралды
Сұрақ-жауап Алдымен тұрба керек – 2002-2003 жылдары біз жеке тұрғын үй құрылысына жер телімін алуға өтініш берген едік. 2012 жылы біздің өтінішіміз қаралып, телімнің бөлінгендігі туралы акт алдық. Сол жылы шақырту алып, бізді жіберген мекемелердің барлығын аралап шықсақ та, мәселе әлі шешілген жоқ. Қай жерге барсаң да, әлдебір мораторийге сілтейді. 5 наурыз 2015, 00:00 1 882 рет қаралды
Сұрақ-жауап «Нұрсая» деген осындай – Жыл басында Нұрсаяда көппәтерлі 57 үй болды. Таяу арада тағы 30 үй пайдалануға берілетін болады. Ықшамаудан тұрғындары үшін үйлер қорабынан басқа қандай жақсы нәрсе салынатынын айтсаңыздар екен? Ықшамаудандағы автобус қатынасы қашан қалыпқа түседі? Қазір 2 автобус маршруты жүріп тұр, кем дегенде тағы біреуі керек. 26 ақпан 2015, 00:00 3 040 рет қаралды
Сұрақ-жауап Бағдаршам мәселесі – Қалаға бағдаршамдар орнатылды, алайда осының салдарынан кептелістерге қатысты ахуал одан бетер шиеленісіп кеткендей көрінеді. Қаланың көше-жол тораптарында тағы нені өзгертпекші? 26 ақпан 2015, 00:00 2 097 рет қаралды
Сұрақ-жауап Меморандум - – билік қаруы – Әлеуметтік маңыздағы өнімдерге «шекті-мөлшерлі баға» деген түсінік бар. Оларды нарықта реттеу үшін билікте қандай құралдар бар? Сіздердің пікірлеріңізше, бірінші кезектегі қажетті тауарлардың бағаларын негізсіз қымбаттату үшін заңды жауапкершілік енгізу керек пе? 26 ақпан 2015, 00:00 2 035 рет қаралды
Сұрақ-жауап Артық құжатсыз - Жақында мен шағын ЖКО жасадым – біреудің машинасын соқтым. Қалалық жол полициясы хаттама толтырғаннан кейін өз сақтандыру фирмама хабарластым. Сол жерде менен әкімшілік құқықбұзушылық туралы істің көшірмесін, нақтылап айтсам, ЖКО сызбасын, әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама, ЖКО қатысушыларының түсініктемесі және т.б. көшірмелерін әкелуімді талап етті. Мен полицияға барып, көшірмелерді алдым, содан кейін маған бұлай жасауға міндетті емессіз деп айтты. Сақтандыру компаниясының талаптары дұрыс па? 19 ақпан 2015, 00:00 2 409 рет қаралды
Сұрақ-жауап Құмар ойындар - Ұлым құмар ойындармен әуестеніп кетті. Отбасының барлық кірісін букмекерлік кеңселер мен ойын автоматтарына жояды. Жанұясында кейде тамаққа ақша табылмай қалады, ал оның үш баласы және жұмыс жасамайтын әйелі бар. Жақында ол астындағы көлігін ломбардқа салып, кейін кері қайтара алмады, содан кейін пәтерін де сатып, бар ақшаны осы қарғыс атқыр ойынға салды. Бұл отбасымыз үшін үлкен қайғы болды. Маған біреулер оның құқықтарын шектеуге болады, яғни, жалақысын алуға, мүлікті сатуға тыйым салып, бұларды әйелі не анасы жасай алатындай қылуға болады деп кеңес берген. Мұны қалай жасауға болады? - Менің әкем психдиспансерде есепте тұр, сондықтан да нотариус мәмілеге куәлік бере алмайды, түсініктірек айтсам, біз ортақ пәтерімізді сата алмай отырмыз, онда әкемнің де үлесі бар және оның келісімі керек. Біз қазір өте ауыр жағдайда қалдық, сондықтан да бұл пәтерді қалай да сатуымыз керек. Не істеуге болады, кеңес беріңіздерші. 19 ақпан 2015, 00:00 2 540 рет қаралды
Сұрақ-жауап Мөлшердің мәні бар Жыл басынан бері ҚР бірнеше нормативтік актілеріне енгізілген, соның ішінде, заңды тұлғаларды тіркеу мәселесі бойынша түзетулер күшіне енді. Енді ЖШС-ні тіркеуді арнайы алым төлеу қажеттілігінсіз ғаламтор арқылы жүзеге асыруға болады, ал шағын бизнес жарғылық капиталдан босатылды. Бұл туралы кеңірек заңгер Айнагүл ДӘУЛЕТБАЕВА айтып берді. 19 ақпан 2015, 00:00 2 650 рет қаралды
Сұрақ-жауап Қалдықсыз бөліс - Біз күйеуіміз екеуміз жас отбасы ретінде мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алғанбыз (күйеуімнің атына). Біздің кәмелеттік жасқа толмаған үш баламыз бар. Күйеуім егер ажырасатын болсақ, менің пәтер үлесін ала алмайтынымды, себебі, пәтер оның атына рәсімделгенін және ол оны менің келісімімсіз-ақ сата алатынын айтады. 12 ақпан 2015, 00:00 2 342 рет қаралды
Сұрақ-жауап Алимент төлеу ережелері - Менің ұлымның алимент бойынша міндеттемесі бар (бірінші некеден 9 жасар ұлы бар). Қазір ол екінші рет үйленді, баласы бар (1,5 жаста). Бір кездері ол алматылық компанияның Атыраудағы филиалында жұмыс жасаған. Жалақы есептеу бас кеңседе жүргізілетін. Сол кезде жалақыдан 25 пайыз емес, ең кем дегенде 50 пайыз ұсталып отырды. Оның да, басқа жұмысшылардың да қолдарына жалақы туралы түбіртектер берген жоқ. 12 ақпан 2015, 00:00 21 306 рет қаралды
Сұрақ-жауап Сұраныс бойынша анықтама - Бірнеше жыл бұрын менің көршім алимент алуға арыз берген кезде сот барысында одан балаларының денсаулығы жайлы анықтама талап етіпті. Бұл талап әлі күшінде ме? 12 ақпан 2015, 00:00 2 427 рет қаралды
Сұрақ-жауап Тариф мөлшерін ПИК белгілейді – Біздің үйге жақын арада терможаңғырту бағдарламасы бойынша күрделі жөндеу жүргізілген болатын. 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап ол үшін төлемақы ала бастады. Осыған байланысты біздің ПИК пайдалану шығындары бойынша ай сайынғы төлемдер мөлшерін азайтуға тиіс пе? 5 ақпан 2015, 00:00 2 005 рет қаралды
Сұрақ-жауап Шартты мерзімнің шарттары – Менің досыма қатысты қазір тергеу жүргізілуде. Қылмыстық кодекстің жаңа редакциясында шартты түрде соттау және зардап шегушілермен татуласу бойынша түбегейлі жаңалықтар бар ма? 5 ақпан 2015, 00:00 6 243 рет қаралды
Сұрақ-жауап Теміржолшылар үшін киловатт қымбат – 2015 жылғы 15 қаңтардағы «АЖ»-ның №3 санында теміржолшылар тұратын ықшамаудандар үшін электр энергиясы тарифін көтеру туралы «Ерекше аймақ» жөнінде ақпарат жарияланды. «Теміржол Энерго» ЖШС тарифтің не себепті қымбаттағанын түсіндірді ме? 5 ақпан 2015, 00:00 3 212 рет қаралды
Сұрақ-жауап Ақша ма, жаза ма? – Менің туысым ақшаны ысырап қылғаны үшін 4 жылға сотталды. Ол бір жылдан аз уақыт отырды. Ал, жақында қонақтықта отырғанда жаңа Қылмыстық кодекс бойынша туысымның тиісті айыппұл төлеп, ертерек бостандыққа шыға алатындығын естідім. Осы рас па? 5 ақпан 2015, 00:00 3 661 рет қаралды
Сұрақ-жауап АРЕС: ҰБТ қорытындысы қажет емес – 9 сыныпта оқитын ұлым мектебіне «APEC Petrotechnic»-тен адамдар келгенін айтады. АРЕС жанында әлдебір ақылы қымбат курстар бар екен. Бірақ мен түсінбедім – онда оқытатындары осы курстар ма екен, әлде бұл тек түсуге дайындық қана ма екен? Бұл курстар қанша тұрады және ол қаншалықты ұзаққа созылады? 29 қаңтар 2015, 00:00 2 575 рет қаралды
Сұрақ-жауап Жәрдемақыға қол сұғылмайды – Банк менің шотыма түскен мемлекеттік жәрдемақыны несиелік қарыз шотына аударды. Банктің бұлай етуге құқығы бар ма? 29 қаңтар 2015, 00:00 3 184 рет қаралды