Атырау, 27 желтоқсан 01:14
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Меморандум - – билік қаруы

1 850 просмотра

– Әлеуметтік маңыздағы өнімдерге «шекті-мөлшерлі баға» деген түсінік бар. Оларды нарықта реттеу үшін билікте қандай құралдар бар? Сіздердің пікірлеріңізше, бірінші кезектегі қажетті тауарлардың бағаларын негізсіз қымбаттату үшін заңды жауапкершілік енгізу керек пе?

– Жыл сайын жергілікті атқарушы органдар супермаркеттер, базарлар мен ірі жеткізушілердің басшыларымен «Стратегиялық маңызды азық-түліктер бағасының негізсіз өсуін шектеуде және жеткілікті көлемде қамтамасыз етуде өзара ынтымақтастық туралы» меморандумға қол қойды. Меморандум негізінде ҚР Үкіметі бекіткен әлеуметтік маңыздағы азық-түліктердің 33 түріне күн сайынғы және апта сайынғы мониторинг жүргізіледі. Апталық қор мен жеткізушілердің қоймаларындағы қалдықтарға мониторинг жүргізіледі. Бұдан басқа, «Мұнайшы» СК маңында апта сайын (сенбі мен жексенбіде) ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өткізіледі. Осындай жәрмеңке Привокзальныйда да тұрақты өтіп тұрмақ. Олардың қызметі реттеліп, арнайы жиналмалы шатырлар орнатылатын болады.

Облыс халқын жұмсақ бидайдың бірінші сұрыпты ұнымен қамтамасыз ету шаралары туралы Меморандумға қол қойылды. Меморандумға сәйкес, бүгінгі күні қала маңында орналасқан наубайханаларға 5 200 тонна ұн жеткізіліп, сатылған.

Өңірлік тұрақтандыру қорынан әлеуметтік маңыздағы азық-түліктер «Атаба», «Лидер», «Дина», «Көктем» базарлары, «Насиха» сауда үйі мен қаланың селолық округтерінде орналасқан дүкендер секілді 40 арнайы сауда нүктелерінде сатылады. Облыстық комиссия базар бағасынан 15-20 пайызға төмен бағаны бекіткен: картоп – 75 теңге (қала бойынша орташа баға 92 теңге); пияз – 65 теңге (85 теңге); сәбіз – 75 теңге (91 теңге); орамжапырақ – 75 теңге (98 теңге); қызылша – 75 теңге (98 теңге); макарондар – 110 теңге (152 теңге); қарақұмық жармасы – 105 теңге (160 теңге); күнбағыс майы – 250 теңге (285 теңге).

Қала әкімі Нұрлыбек ОЖАЕВ жауап берді.

26 ақпан 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.