Атырау, 21 желтоқсан 10:07
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Сұрақ-жауап

Сұрақ-жауап

​Әр септиктің орны бар

– Балауса ықшамауданындағы №7 және №8 көшелерде жеке үйлердің септиктері көлік жолында орналасқан. Жолдар асфальтталмаған және құдықтар жаяу жүргіншілер мен автокөлікке қауіп төндіріп тұр. Құдықтардың үй ауласында орналасуы тиіс екендігі туралы қандай да болмасын стандарттар бар ма? 16 шілде 2015, 00:00 2 458 рет қаралды
Сұрақ-жауап

​ДСҰ-да өзгерістер бар ма?

– Мен Армения азаматымын, Атырауға жұмысқа орналасқым келеді. ДСҰ-на қатысушы ел азаматтарының жұмысқа орналасу тәртібі Қазақстанның осы ұйымға кіруіне байланысты өзгерді ме? Көші-қон полициясына кеңес алуға жүгінгенмін, бірақ жауап ала алмадым. 9 шілде 2015, 00:00 2 391 рет қаралды
Сұрақ-жауап

​Көшедегі проблемалар

– СМП-163 ықшамауданындағы Коттеджная көшесінің қалған бөлігін (320 метрін) қашан асфальттайды? Ескі су құбыры қашан ауыстырылады? Көшедегі тозығы жеткен ескі электр желілері қауіп тудырады. Алты жыл бұрын осы көше бойында қосалқы станция салынатындығын айтқан еді. Алайда содан бері ештеңе өзгермеді. Бұл мәселелер қашан шешіледі? 9 шілде 2015, 00:00 2 246 рет қаралды
Сұрақ-жауап

​Қызықты қызмет түрі

– Атырау қаласындағы жеке секторда кәріз жүйесі жоқ, ал үй қожайындарынан кәріз жүйесінің қызметі үшін ақы алынады. Егер септиктерді тұтынушылардың өздері орнататын болса, КМК-ге не үшін төлейді? Сондай-ақ, тұтынушылар қоқыр-соқырдан тазартатын машинаның қожайындарына сарқындыларды тартып, қабылдау қосынына дейін тасымалдағаны үшін ақы төлейді. Жеке секторда кәріз қызметі үшін тариф неден жасалады? 2 шілде 2015, 00:00 2 998 рет қаралды
Сұрақ-жауап

​Тамызда келіңіз

- Менің 3 жастағы немереме Астанадағы «Ана мен бала» орталығында «эпилепсия» диагнозын қойды. Оған мүгедектік тағайындау үшін Атырау облысы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы жанындағы дәрігерлік-еңбек сараптамалық комиссиясы мүгедектік анықтамасы төрт айдан соң берілетінін айтты. Ол үшін бала Тұрғындар қалашығындағы оңалту орталығына жатып шығу керек екен. Ал оңалту орталығында баланың сіңірі тартып қалатыны бар деп қабылдамай отыр. Енді мен не істеуім керек? 25 маусым 2015, 00:00 2 982 рет қаралды
Сұрақ-жауап

​Ипотекалық несие алушыларға көмек

- Мен 2006 жылы доллармен ипотека алдым, кейін банктен валютаны теңгеге ауыстыруды талап еттім, бірақ банк бұдан бас тартып отыр. 2006 жылы мен төлеген ай сайынғы несие сомасы 42000 теңге болған, ал қазір 66 000 теңге төлеп отырмын. Ай сайынғы төлем 375 долларға шығып отыр. Банктің бас тартуға құқығы бар ма? 28 мамыр 2015, 00:00 2 949 рет қаралды
Сұрақ-жауап

​Жүйесіздік жүйкені жұқартты

- ІІД Әкімшілік полиция ғимаратына автокөлік құжаттарын тіркеуге немесе есептен шығаруға барғанда үнемі жүйесіздікке тап боласың. Қызмет көрсету сапасының төмендігіне шағым айтушылар көп. Жұмысты реттеу үшін шұғыл түрде шара алу қажет. 30 сәуір 2015, 00:00 2 690 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Әке капиталы

– Күйеуім бірінші некедегі қызына алимент төлейді. Бұл сома оның жалақысының 25 пайызына тең. Қазір оның басқа отбасы бар, біздің баламыз өсіп келеді. Ол алиментті әрбір бала үшін 16,5 пайызға дейін - жалпы екі балаға 33 пайызға азайтуға құжаттарын бергісі келеді. Ол үшін не керек?– Бұрынғы күйеуім жұмыссыз. Біздің ортақ бір баламыз бар. 2014 жылы бір балаға жұмыссыз ата-анадан 27 160 теңге алимент тиесілі болды. Ол Қазақстан бойынша орташа айлық жалақы бойынша есептелді. Биыл менің сот орындаушым жұмыссыз алимент төлеушілер үшін алимент есептеу жүйесі өзгергенін және 4 000-5 000 теңге мөлшерінде белгіленетінін айтты. Мұндай өзгерістер қандай негізде орын алды? 30 сәуір 2015, 00:00 2 624 рет қаралды
Сұрақ-жауап

​Қауіпсіздік үшін алты мың теңге

– Өткен жылдың желтоқсанында мемлекеттік бағдарлама бойынша Балықшыдағы көп қатарлы жаңа үйден пәтер алдым. Қоныстандырған кезде әр пәтерге бүкіл коммуникациялар жүргізілді. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ны қоспағанда бірде-бір монополиске біз қызметті қосқаны үшін ақы төлеген жоқпыз. Бүкіл коммуникацияны – электр желілерін, газды, суды, жылуды жүргізу бюджет қаржысының есебінен жасалды деп болжауға болады. Неліктен «ҚазТрансГаз Аймақ» әр пәтер иесін газ вентильдерін ашу мен стояктарға газ жіберуден тұратын газ құбырына қосу қызметі үшін алты мың теңгедей ақы төлеуге міндеттеп отыр? Сондай-ақ, «ҚазТрансГаз Аймақ» қызметін төлеу кезінде маған тек түбіртекті ғана берді. Менімен ешқандай келісімшарт жасаған жоқ, клиенттерге келісімшарттарды қолға бермейтіндігін айтып желеуретті. Неліктен? Бұл монополист пен тұтынушы арасындағы өзара қарым-қатынастың қарапайым тәжірибесі ғой. 16 сәуір 2015, 00:00 2 684 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Мемлекеттік баж салығын кім төлемейді?

– Ұлым бала күнінен мүгедек. Әдетте нотариустар бізге мемлекеттік баж салығын төлетпей қызмет көрсетеді. Жақында бізге нотариустың қызметі қажет болып, мүгедектік туралы анықтама мен Салық кодексінің үзіндісін (542-бап) ұсынған едім. Бірақ нотариус бізге қызмет көрсетуден бас тартып, бұл Кодекстің қазіргі уақытта қолданыста жоқ екендігін айтып, мені кеңседен қуып шықты. Мұндай жағдайда қайда шағымдануға болады? 2 сәуір 2015, 00:00 3 330 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Күндізгі бөлімдегілер кейінге қалдырылады

– Ұлым 20 жаста, колледжді бітірді, АМжГИ-ның кешкі бөлімінде оқиды. Күндізгі бөлім студенті секілді күн сайын сабаққа барады. Оны әскер қатарына алып кете ме, әлде оқуына байланысты кейінге қалдыра ма? 19 наурыз 2015, 00:00 2 535 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Жазбаша келісімшарт міндетті емес

– Әкем қайтыс болғаннан кейін пәтерді өз атыма рәсімдедім. ПИК-ке хабарласып, келісімшартты да менің атыма қайта рәсімдеуді өтіндім. Ол жердегілер пәтер құжаттарын сұратып, мен қажетті құжаттардың барлығын ұсындым. Ал бір айдан кейін ПИК-тің тұрғындармен келісімшарт жасамайтындығын, менің өзім келісімшарт жасай алатынымды, олар оған қол қоятындығын мәлімдеп, таң қалдырды. Сонда ПИК тұрғындардан қандай негізде ақша алады? Бұл ПИК-те, тіпті, әрбір ПИК-те болуы тиіс кезекші мастер де жоқ. 12 наурыз 2015, 00:00 2 514 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Анықтама сатып алыңыз

- Жұмысқа орналасу кезінде міндетті түрде наркодиспансерден, психодиспансерден, тубдиспансерден анықтама сұратады. Барлық анықтама да ақылы, өзі жұмыста жоқ адамның оны сатып алуға қалтасы көтермейді. Наркодиспансерден анықтама алу кеше 500 теңге еді, бүгін 700 теңге болып тұр. Бұлар коммерциялық мекемелер емес қой, неге қызметтері ақылы?  12 наурыз 2015, 00:00 2 407 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Кооператив құрған жөн

– Байжігітов көшесінің бойындағы 2 қабатты 8 пәтерлі №76 үй 1930 жылы қамыстан салынған. Орталық кәріз жүйесі жоқ, тек септик бар. Лық толған септиктен кәріздік сарқынды сулар топыраққа ағып кетеді. Ал өзен 100-150 метр жерде орналасқан. Сондықтан қалдықтардың өзенге құйылуы әбден мүмкін. Ал бұл суды қала тұрғындары пайдаланады. Үйдің тозығы жеткен, жылу ұстамайды, пәтерлерде ауыз су тұрбалары қатып қалады. Біз жылу жүйесіндегі суды ішуге мәжбүрміз. Кәріз жүйесінің иісінен қысы-жазы терезені ашу мүмкін емес. Шалшықтарды қамыс басып, шыбын мен масаның ұясына айналған. Санэпидстанса бұл фактілерді елемей отыр. Бұл үй қашан күреледі? 5 наурыз 2015, 00:00 2 374 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Көрші елге бару қиын емес

– Жазда Ресейге бармақпыз. Қазақстандықтарға Ресейге жеке бас куәлігімен баруға бола ма? Тіркелусіз Ресей аумағында қанша уақыт болуға рұқсат етілген? Менімен кәмелетке толмаған бала барады, шығу үшін әкесінің келісімін ресімдеу міндетті ме? 5 наурыз 2015, 00:00 1 955 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Қауіпті көршілестік

– Жұмыскерде балабақшаны жолдың қақ ортасына салып қойған, көбінесе балалар қақпадан шыға салып, көлік жолына жүгіреді. Ал жақын маңда жол кедергілері жоқ. Балабақшадағы ойын алаңы да тар. Жалпы Жұмыскер-1 поселкесінде жол жоқ. Балалар мектепке балшық кешіп баруға мәжбүр. 5 наурыз 2015, 00:00 2 330 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Алдымен тұрба керек

– 2002-2003 жылдары біз жеке тұрғын үй құрылысына жер телімін алуға өтініш берген едік. 2012 жылы біздің өтінішіміз қаралып, телімнің бөлінгендігі туралы акт алдық. Сол жылы шақырту алып, бізді жіберген мекемелердің барлығын аралап шықсақ та, мәселе әлі шешілген жоқ. Қай жерге барсаң да, әлдебір мораторийге сілтейді. 5 наурыз 2015, 00:00 1 880 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Теміржолшылар үшін киловатт қымбат

– 2015 жылғы 15 қаңтардағы «АЖ»-ның №3 санында теміржолшылар тұратын ықшамаудандар үшін электр энергиясы тарифін көтеру туралы «Ерекше аймақ» жөнінде ақпарат жарияланды. «Теміржол Энерго» ЖШС тарифтің не себепті қымбаттағанын түсіндірді ме? 5 ақпан 2015, 00:00 3 210 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Жол қозғалысындағы өзгерістер

– «Жол қозғалысы туралы» ҚР заңының 54-бабына өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, 22-тармақта «бұл үшін арнайы бөлінген, тиісті жол белгілерімен және нұсқағыштармен белгіленген орындардан басқа, елді мекендердің жолдарында және көшелерінде» тоқтауға тыйым салынған абзац алынып тасталған. Енді көлік құралын қай жерге тоқтатып, қоюға рұқсат етіледі және тыйым салынады? 29 қаңтар 2015, 00:00 3 575 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Кейінге қалған қоныстой

– Өткен жылы «АЖ»-да Атырау қаласында 2014-2020 жылдары күрелуге кететін апатты және тозығы жеткен үйлердің тізімі жарияланды. 2015 жылы бірінші кезекте біз тұратын Гагарин көшесі, 124 мекен-жайындағы жатақхана күрелуге кетеді деп тұр. Жатақхана қашан күреледі? 29 қаңтар 2015, 00:00 2 092 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Отыр да күт

– Таяуда Сәтпаев даңғылында мені жол-патрульдік қызметінің қызметкері тоқтатты. Менен басқа тағы 6 көлік тоқтатылды. Жол қозғалысы ережесіндегі жаңа толықтыруларға сәйкес, егер инспектор өтінбесе, жүргізушінің көліктен шығуға құқығы жоқ. Сондықтан маған кезек келгенше ұзақ күтуіме тура келді. Мұндай жағдайда жүргізуші инспекторға асығып тұрғанын қалай түсіндіре алады? 15 қаңтар 2015, 00:00 2 133 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Мәртебе бойынша тиесілі

– Мен басқа елдің азаматымын. ЖШС құрылтайшысы болып табыламын. Қазақстан Республикасында мекендеу құжатын (ықтиярхат) алғаннан кейін құрылтайшы ретінде менің мәртебем қандай болмақ? Осы ЖШС қазақстандық бола ма, әлде шетелдік қатысы бар ЖШС болып қала ма? ЖШС жарғысына өзгерістер енгізу керек бола ма?  25 желтоқсан 2014, 00:00 2 006 рет қаралды