Атырау, 22 желтоқсан 09:11
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Әлемде

Иран, Ресей, Түркия басшылары бас қоспақ  Әлемде

Иран, Ресей, Түркия басшылары бас қоспақ

Сүриядағы жағдайды тұрақтандыруға арналған Астана процесінің кепіл-мемлекет көшбасшылары бүгін Анкарада бас қоспақ. Бесінші кездесуге Иран президенті Хасан Рухани, Ресей президенті Владимир Путин қатысады.  16 қыркүйек 2019, 14:24 2 576 рет қаралды
АҚШ пен Түркия күштері Сирияда бірге шолғынға шықты Әлемде

АҚШ пен Түркия күштері Сирияда бірге шолғынға шықты

АҚШ және Түркия қарулы күштері жексенбі, 8 қыркүйекте Сирияның Евфрат өзенінен шығыс аймағындағы аудандарында алғаш рет бірлесіп шолғынға шықты. Түркиялық Anadolu агенттігі бұл аудандарда "қауіпсіздік аймағы" құрылатыны туралы хабарлады. 9 қыркүйек 2019, 09:42 2 653 рет қаралды
БАҚ: Сирияда үш ресейлік сарбаз қаза тапты Әлемде

БАҚ: Сирияда үш ресейлік сарбаз қаза тапты

Сирияда үш ресейлік сарбаз қаза тапты, тағы екі адам жараланды. Бұл ақпаратты әскери-дипломатия саласындағы құпия дереккөзге сүйенген ресейлік "Ведомость" басылымы және Al-Masdar News сайты хабарлады. 6 қыркүйек 2019, 10:35 2 967 рет қаралды
​Ресей СІМ: Түркияның Сүриядағы іс-әрекеті заңды Әлемде

​Ресей СІМ: Түркияның Сүриядағы іс-әрекеті заңды

Ресей сыртқы істер министрі Түркияның Сүриядағы іс-әрекеттеріне қатысты пікір білдірді. Ресей СІМ Сергей Лавров Түркияның Сүрия аумағында жүргізіп жатқан әскери операциялары мен іс-әрекеттеріне қатысты мәлімдеме жасады.  2 қыркүйек 2019, 13:59 2 410 рет қаралды
Түркияның билік партиясы ішіндегі алауыздық ел ішіндегі саяси жанжалға соғуы мүмкін Әлемде

Түркияның билік партиясы ішіндегі алауыздық ел ішіндегі саяси жанжалға соғуы мүмкін

 Жақында Түркияның билеуші партиясы өзінің 18 жылдық мерейтойын атап өтті. Алайда, президент Ердоған басқарған партияның жоғары жетекшілері арасында пікір алауыздығы туып, партия өз ішінен бөлініп жатқаны туралы хабарлар тарады.  29 тамыз 2019, 17:32 3 019 рет қаралды
Ердоған мен Путин Сириядағы соғысты талқыламақ Әлемде

Ердоған мен Путин Сириядағы соғысты талқыламақ

Ресей президенті Владимир Путин мен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 27 тамызда Мәскеу маңындағы Жуковский қаласында кездесіп, екі арасында әріптестікті дамыту және Сириядағы азамат соғысын талқылайды деп хабарлады Кремльдің баспасөз қызметі. 27 тамыз 2019, 13:23 3 155 рет қаралды
​​Қытай 16 елдің журналисіне Шыңжаңдағы лагерьлерді көрсетті Әлемде

​​Қытай 16 елдің журналисіне Шыңжаңдағы лагерьлерді көрсетті

Қытай мемлекеттік кеңесінің ақпарат бөлімі 17-23 тамызда Шыңжаң өлкесіне 16 елден 20 журналист шақырып, Қашқар мен Ақсудағы тәрбиелеу орталықтарын көрсеткен. Шыңжаңға барғандардың арасында Ауғанстан, Ресей, Бангладеш, Түркия, Жапония, Пәкістан журналистері бар. Бұл туралы 25 тамызда Қытайдың орталық телевидениясына (CCTV) сілтеме жасап, Reuters ақпарат агенттігі хабарлады. 26 тамыз 2019, 15:33 4 091 рет қаралды
Дамаск: Түркия әскері Сүрияға басып кірді Әлемде

Дамаск: Түркия әскері Сүрияға басып кірді

Түркия әскері Сүрияға кірді. Тамыз айының 19-ы күні Сүрия сыртқы істер министрлігі таратқан мәлімет бойынша, Түркия әскері Саракиб қаласына басып кіріп, Хан-Шайхун елді мекеніне қарай жылжып келеді.  19 тамыз 2019, 17:30 3 139 рет қаралды
Түркияда Беларусь дипломатына қастандық жасалды Әлемде

Түркияда Беларусь дипломатына қастандық жасалды

Түркия астанасы Анкарада 24 шілдеде белгісіз ер адам Беларусь елшілігі кеңесшісі Александр Поганшевке оқ атқан. Дипломат ауыр халде ауруханаға жеткізіліп, жан сақтау бөліміне түскен. Бұл туралы Hurriyet басылымы хабарлап отыр.   25 шілде 2019, 10:26 2 464 рет қаралды
Саяси қақтығыс: АҚШ Түркияны F-35 ортақ бағдарламасынан шығарып тастады Әлемде

Саяси қақтығыс: АҚШ Түркияны F-35 ортақ бағдарламасынан шығарып тастады

Түркияның Ресеймен серіктестік құруы саяси қақтығыстарға ұласып, Анкараның Құрама Штаттарымен байланысына нұқсан келтірді. Бүгін АҚШ ресми түрде Түркияны F-35 жойғышын құруға арналған ортақ бағдарламадан шығарып, арнайы келісімшарттың күшін жойды. Енді аталған ұшақ Анкараға сатылмайды. Осыған дейін Режеп Тайып Ердоған дәл осы F-35 жойғышының 100 данасын сатып алуға 1,5 млрд доллар алғашқы жарнасын төлеген. Енді салған қаражат та, әуе флотын жаңартуға арналған ұшақтар да берілмейді.  19 шілде 2019, 10:31 3 258 рет қаралды
Эрбилдегі шабуыл кезінде түрік дипломаты қаза тапты Әлемде

Эрбилдегі шабуыл кезінде түрік дипломаты қаза тапты

Күрдістан автономиясының әкімшілік орталығы Эрбилде белгісіз біреу түрік дипломаттары отырған мейрамханаға шабуыл жасап, оқиға салдарынан екі адам қаза тапқан. Оның бірі Эрбилдегі Түркия елшілігінде істеген. Бұл ақпаратты жергілікті билік дерегіне сүйенген Reuters агенттігі хабарлады. Шабуылдаушы тез жасырынып үлгерген. 18 шілде 2019, 10:57 2 078 рет қаралды
Түркияға ресейлік С-400 ракета кешенінің алғашқы партиясы жеткізілді Әлемде

Түркияға ресейлік С-400 ракета кешенінің алғашқы партиясы жеткізілді

12 шілдеде Түркия қорғаныс министрлігі елге Ресейден С-400 зениттік-ракеткалық кешенінің алғашқы партиясы жеткізілгенін мәлімдеді. Бұл әскери техниканы Түркияға жеткізу алдағы күндері жалғасады. 13 шілде 2019, 11:05 2 347 рет қаралды
Стамбул мэрін қайта сайлауда да оппозиция кандидаты жеңді Әлемде

Стамбул мэрін қайта сайлауда да оппозиция кандидаты жеңді

Стамбул мэрін қайта сайлау кезінде оппозиция кандидаты Экрем Имамоглу жеңді. Имамоглу Түркия президенті Режеп Ердоған жетекшілік ететін "Әділдік және даму" партиясының үміткері Бинали Йылдырымнан алғашқы сайлаудан да басым айырмамен - 9 пайызбен алға шықты.  24 маусым 2019, 08:39 1 864 рет қаралды
Түркияда Стамбул әкімін қайта сайлап жатыр Әлемде

Түркияда Стамбул әкімін қайта сайлап жатыр

Түркияда Стамбул әкімін қайта сайлап жатыр. Әкімдікке 20 шақты үміткер бар болғанмен негізгі тартыс президент Режеп Ердоған жетекшілік ететін "Әділдік және даму" партиясының үміткері Бинали Йылдырым мен оппозициялық халықтық-республикалық партиясының кандидаты Экрем Имамоглу арасында жүріп жатыр. 23 маусым 2019, 13:01 1 767 рет қаралды
Ресейлік әуе қорғаныс техникалары осы айда Түркияға жеткізіледі Әлемде

Ресейлік әуе қорғаныс техникалары осы айда Түркияға жеткізіледі

Түркиялық ақпарат құралдарының хабарына қарағанда, Ресейден сатып алған S-400 зымыранға қарсы қорғаныс техникаларының алғашқылары маусым айының соңына қарай Түркияға жеткізіледі. 13 маусым 2019, 15:12 2 570 рет қаралды
Қырғызстан Түркияға қарсылық нотасын жіберді Әлемде

Қырғызстан Түркияға қарсылық нотасын жіберді

Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі Орок ауылында тұрғындар арасында болған жанжалға байланысты Түркияның Қырғызстандағы елшісі Женгиз Камил Фыраттың сол ауылға баруына байланысты мәлімдеме жасады.  7 маусым 2019, 09:54 2 267 рет қаралды
Қырғызстан мен Өзбекстан ортақ виза енгізу мәселесін талқылады Әлемде

Қырғызстан мен Өзбекстан ортақ виза енгізу мәселесін талқылады

Қырғызстанның Ош қаласында Қырғызстан және Өзбекстан парламенттері арасындағы әріптестік бойынша парламентаралық отырыс өтіп жатыр. Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлауынша, отырыста Орталық Азия елдеріне арналған ортақ виза жүйесін енгізу мәселесі де талқыланған. Бірақ келіссөздің жай-жапсары әзірге хабарланбады.   7 маусым 2019, 12:29 2 810 рет қаралды
HRW Ресей мен Сирияны тыйым салынған қару қолданғаны үшін айыптады Әлемде

HRW Ресей мен Сирияны тыйым салынған қару қолданғаны үшін айыптады

Human Rights Watch (HRW) халықаралық құқық қорғау ұйымы сирия-ресей «әскери альянсын» Сирияның солтүстік-батысындағы бейбіт тұрғындар тұратын ауданға шабуыл жасап, халықаралық нормаға сай емес, "тыйым салынған қару қолданды" деп айыптап отыр. Ұйымның 3 маусымдағы мәлімдемесінде, биыл 26 сәуірден бастап Сирияның Идлиб, Хама және Алеппо провинцияларында күнделікті жүздеген жарылыс болып, 200 бейбіт тұрғын оның ішінде балалар көз жұмғаны айтылған. 4 маусым 2019, 14:35 2 375 рет қаралды
Түркияда "төңкеріс жасамақ болған" 74 әскери өмір бойына түрмеге кесілді Әлемде

Түркияда "төңкеріс жасамақ болған" 74 әскери өмір бойына түрмеге кесілді

Түркияда 74 бұрынғы әскери 2016 жылы шілдеде мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды деген айыппен өмір бойына түрмеге кесілді. Оның 56-сы жазасын қатаң режимдегі абақтыда өтейді. Бұл туралы Anadolu агенттігі хабарлады. 31 мамыр 2019, 09:59 2 590 рет қаралды