Атырау, 27 қараша 12:53
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +4
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Ердоған мен Путин Сириядағы соғысты талқыламақ

3 070 просмотра


Ресей президенті Владимир Путин мен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 27 тамызда Мәскеу маңындағы Жуковский қаласында кездесіп, екі арасында әріптестікті дамыту және Сириядағы азамат соғысын талқылайды деп хабарлады Кремльдің баспасөз қызметі.

Ердоған Ресейге баратын кезде Сирия үкіметі Идлиб провинциясында көтерілісшілерге әуеден шабуыл жасап жатыр. Бұған дейін Мәскеу мен Анкара Идлиб провинциясында қарусыз аймақ құру туралы уағдаласқан.

Ердоған Идлибтегі жағдай туралы Путинмен телефон арқылы сөйлескенін айтқан. "Біз бұл проблемаларды тезірек шешеміз деп үміттенемін" деген ол 26 тамызда.

Түркиялық Hurriyet басылымының жазуынша, Ердоған "жақында" Сирияға түрік жаяу әскері енгізілетінін айтқан. Оның сөзінше, Сирияда қазіргі кезде түркиялық әскери дрондар мен тікұшақтар бар. "Біздің шекарамызға жақын жердегі қорғаныс қиратылып жатыр. Көп ұзамай жаяу әскеріміз аймаққа енеді деп отырмыз" деген ол.

Түркия Сирияда президент Башар Асад режиміне қарулы қарсылық көрсетіп жатқан көтерілісші топтардың кейбірін қолдайды. Анкара Сириямен шекара маңында "қауіпсіздік аймағын" құру туралы АҚШ-пен әріптестік келісім жасаған.

Дереккөз: Азаттық радиосы


27 тамыз 2019, 13:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.