Атырау, 27 қараша 12:51
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +4
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Түркия 3 қала мэрін террорлық айыбымен қыметінен қуды

2 358 просмотра


Түркия билігі елдің оңтүстік-шығысындағы үш қаланың күрд мэрлерін қызметінен алып, орнына штат губернаторларын тағайындады. 

Елдің Ішкі істер министрлігі оларға террорлық әрекеттермен айналысты деген айып таққан.  Күрдтер жиі қоныстанған Түркияның оңтүстік-шығысындағы қалаларда наурыздың соңындағы сайлауда күрд өкілдері жеңіп шыққан болатын. Анкара билігі күрд ұлтынан сайланған бұл жаңа мэрлерге күрд қарулы топтарымен байланысы бар деген де айыптарды тағып отыр. Осыған ұқсас айыптармен Түркиядағы 29 провинциядан 400-ден астам адам тұтқындалған. Ішкі істер министрлігі бұл әрекеттерді ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жасап жатқандарын алға тартуда. Түркияның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтары Ирак, Сүрия жеріндегі күрдтер қоныстанған аймақтарға шектеседі. Көптеген жылдардан бері Орта Шығыстағы күрдтер дербестік үшін күресіп жатқаны белгілі. Күрд тәуелсіздігін мақсат еткен бірқатар ұйымдары да бар. Олардың басым көбі Анкара билігі тарабынан террорлық ұйым деп танылған. Ел ішіндегі күрд күштері мен сыртқы күрд қарулы топтарының байланысын үзу үшін Түркия Сүрия мен Ирактағы ірі ойындарға да араласып келеді.

 Дереккөз: qazaqtimes.com

20 тамыз 2019, 11:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.