«Украинская правда» интернет-басылымының мәліметінше, Украинаның бұрынғы президенті Петр Порошенко отбасын алып, Түркияға аттанған.
Ол мемлекеттік күзет қызметінен бас тартқан. Порошенко әулетінің бір бөлігі осыдан бір апта бұрын елден кеткен. Сәуірде Украинада президент сайлауы болған. Онда шоумен Владимир Зеленский жеңіске жеткен. Сайлаудан кейін БАҚ беттерінде экс-президент Петр Порошенконың үстінен қылмыстық іс қозғалғандығы жөнінде ақпарат тараған.
Дереккөз: qazaqtimes.com