Атырау, 27 қараша 17:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Түркияда Беларусь дипломатына қастандық жасалды

2 293 просмотра


Түркия астанасы Анкарада 24 шілдеде белгісіз ер адам Беларусь елшілігі кеңесшісі Александр Поганшевке оқ атқан. Дипломат ауыр халде ауруханаға жеткізіліп, жан сақтау бөліміне түскен. Бұл туралы Hurriyet басылымы хабарлап отыр.

Қастандық жасаған адам өзі-өзіне оқ атып, сол жерде көз жұмған. Жергілікті БАҚ -тың хабарлауынша, дипломатқа оқ атқан адам оның көршісі болған.

Беларусь сыртқы істер министрлігі қастандық жасаған адамның "ақыл-есінде ауытқушылығы бар болғанын" хабарлап отыр.

Бұл Түркиядағы дипломаттарға жасалған алғашқы қастандық емес. 2016 жылы 19 желтоқсанда Анкарада Ресейдің Түркиядағы елшісі Андрей Карлов қастандықтан көз жұмған. Елші өнер көрмесінде сөйлеп тұрғанда ғимаратқа күзетші кейпінде кірген 22 жастағы Мевлют Мерт Алтынташ есімді адам оны ту сыртынан бірнеше рет атып жаралаған. Елші көп ұзамай жарақатынан көз жұмды. Бұрын полицияда қызмет істеген Алтынташтың өзі полициямен атыста оққа ұшқан.

Дереккөз: Азаттық радиосы

 

25 шілде 2019, 10:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.