Атырау, 12 қаңтар 15:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 509.94
€ 593.88
₽ 6.43

Барлық жаңалық

Комитет: Матаевты үйқамақта заңсыз ұстап отыр Қазақстанда

Комитет: Матаевты үйқамақта заңсыз ұстап отыр

Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаевты қорғау комитеті Матаевтың үйқамақта заңсыз ұсталып отырғанын мәлімдеді. Комитет мәліметінше, қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатқан Матаевқа тағайындалған үйқамақта ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімі 22 шілдеде аяқталған. Бұлтартпау шарасын сот белгілеуі тиіс болған, бірақ сот шешім шықпағанына қарамастан Алматының коррупцияға қарсы қызметі Сейітқазы Матаевтан күзетті әлі алмай, үйқамақта ұстап отыр,- деп хабарлады Азаттық. 26 шілде 2016, 10:54 2 727 рет қаралды
Лаңкестік оқиғадан кейін біз бірден тынышталып қаламыз. Ол дұрыс емес – Е.Карин Қазақстанда

Лаңкестік оқиғадан кейін біз бірден тынышталып қаламыз. Ол дұрыс емес – Е.Карин

Осыдан тура бір апта бұрын Астанада баспасөз мәслихатын өткізген саясаттанушы Ерлан Карин елімізде болған лаңкестік әрекеттерге қатысты маңызды бір мәселені атап өтті. Бүгінде біз лаңкестік әрекеттерді бір реттік оқиға ретінде бағалаймыз. Сол себепті қоғам оны тез ұмытып, аз уақыттан соң, тынышталып қалады. Шынымен де, жеті күннен кейін бәрі артта қалған сияқты. Алайда ондай ойға берілуге болмайды. Себебі Ақтөбе мен Алматыда болған лаңкестік әрекеттер қайталануы әбден мүмкін, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. 26 шілде 2016, 10:45 2 940 рет қаралды
Қазақстанда терроризм мен экстремизмді үгіттеген 94 сайт шектелді Қазақстанда

Қазақстанда терроризм мен экстремизмді үгіттеген 94 сайт шектелді

Қазақстанда терроризм мен экстремизмді үгіттеген 94 сайт шектелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 26 шілде 2016, 10:37 2 024 рет қаралды
Орта және шағын көтерме нарық деңгейінде қант бағаларының алыпсатарлық өсуі байқалады - ҚР ҰЭМ Қазақстанда

Орта және шағын көтерме нарық деңгейінде қант бағаларының алыпсатарлық өсуі байқалады - ҚР ҰЭМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев «Орталық Азия Қант Корпорациясы» ЖШС («ОАҚК» ЖШС) өндіруші зауытының «Беларусь аграрлық компаниясы» ЖШС («БАК» ЖШС) импорттаушысының және «Ас-Ан» компаниясының (ірі көтерме саудада өткізушісі) өкілдерімен кездесті. 26 шілде 2016, 10:34 1 909 рет қаралды
Әзербайжан жоғарғы соты президент өкілеттігін ұзартуды мақұлдады Әлемде

Әзербайжан жоғарғы соты президент өкілеттігін ұзартуды мақұлдады

Әзербайжан жоғарғы соты президент Ильхам Әлиевтің президенттік өкілеттігін бес жылдан жеті жылға дейін ұзарту ұсынысын мақұлдады. Соттың бұл мақұлдауы - ұсынысты ратификациялаудағы алғашқы кезең. Дегенмен, сот шешімінде процесс жалғасы үшін конституцияға өзгеріс енгізіп, референдум өткізу қажеті айтылады,- деп хабарлады Азаттық. 26 шілде 2016, 10:30 1 709 рет қаралды
Жапонияда мүгедектер үйіне шабуыл жасалды: 19 адам қаза тапты Әлемде

Жапонияда мүгедектер үйіне шабуыл жасалды: 19 адам қаза тапты

Жапонияның Канагава перфектурасында қолына пышақ алған ер адам 19 адамды пышақтап өлтірген, 45 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты РИА Новости-ге сілтеме жасап. Қанды оқиға Токио түбіндегі "Цукуидегі лалагүлдар бағы" мүгедектер интернатында болған. 26 шілде 2016, 10:15 2 927 рет қаралды
АҚШ Гуантанамодан Ресейдің соңғы тұтқынын босатпақ Әлемде

АҚШ Гуантанамодан Ресейдің соңғы тұтқынын босатпақ

АҚШ билігі Гуантанамодан бұрынғы совет әскери қызметкері, балет бишісі, түрмеде 14 жылға жуық уақыт отырғна Равиль Мингазовты босатуды мақұлдады. Мингазов - Кубадағы америкалық түрмеде отырған тоғыз ресейліктің соңғысы,- деп хабарлады Азаттық. 26 шілде 2016, 10:10 1 760 рет қаралды
Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбекті қабылдады Қазақстанда

Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбекті қабылдады

Қазақстан Президентінің Алматыдағы резиденциясында өткен кездесу барысында Б.Байбек Елбасына қаланың әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны, маңызды мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы және алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы баяндады,- деп хабарлады ҚР Президентінің ресми сайты. 25 шілде 2016, 14:19 1 603 рет қаралды
ҚР СІМ Бавариядағы қазақстандықтар туралы мәліметтерді тексереді Қазақстанда

ҚР СІМ Бавариядағы қазақстандықтар туралы мәліметтерді тексереді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрлігі өткен түнде Бавариядағы жарылыс кезінде болуы ықтимал қазақстандықтар туралы мәліметтерді тексереді. Ведомство ақпаратты кейінірек беретін болады. 25 шілде 2016, 10:25 2 037 рет қаралды
Төрт айлық курс мұғалімдердің жоспарлы демалысына кері әсет етпейді Қазақстанда

Төрт айлық курс мұғалімдердің жоспарлы демалысына кері әсет етпейді

Биылғы жылы физика, химия, биология және информатика пәндерінен сабақ беретін мұғалімдердің ағылшын тілінен төрт айлық курстары олардың жоспарлы демалыстарына кері әсерін тигізбейді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева айтып отыр. 25 шілде 2016, 10:16 3 685 рет қаралды