Атырау, 1 шілде 17:08
 дождьВ Атырау +25.3
$ 480.72
€ 548.07
₽ 6.14

Тоқаев амнистия туралы заңға қол қойды

72 рет қаралды

Қазақстан Президенті «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты амнистия туралы» Заңға қол қойды.

Бұл туралы Ақорда хабарлады. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы мынадай заңдарға қол қойды:

  • «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық өндіріс және сот орындаушыларының мәртебесі мен құқық бұзушылықтардың профилактикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң;

  • «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң.

Бұл заңдардың мәтіндері де баспасөзде жарияланады.

Амнистия туралы заңға қол қойылуы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енген Қазақстанның жаңа Конституциясының қабылдануымен байланысты.

Бүгін, 16:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.