
Атырауда қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары тұрғындар арасында профилактикалық рейд жүргізді.
Іс‑шара барысында азаматтарға адамның бет‑әлпетін толықтай жабатын киімдерді қоғамдық орындарда киюге тыйым салатын заң талаптары түсіндірілді.
Полицейлер бұл нормалардың мақсаты діни сенім бостандығын шектеу емес екенін, керісінше қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, тұлғаны анықтауды жеңілдетуге және тәртіпті сақтауға бағытталғанын атап өтті.
Жыл басынан бері аталған заңды бұзғаны үшін 150 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Осыған байланысты тәртіп сақшылары тұрғындарды заң талаптарын қатаң сақтауға шақырды.
Айта кетейік, 2025 жылғы 12 шілдеден бастап Қазақстанда қоғамдық орындарда адамның бет‑әлпетін толықтай жабатын киімдерді киюге заңнамалық тыйым күшіне енген.
В Атырау +27.3