Атырау, 3 мамыр 17:05
 ашықВ Атырау +15
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Министр "Қызғылт қоян туралы хикая" фильмін сынады

2 402 просмотра


Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қазақстандық "Қызғылт қоян туралы хикая" фильмді сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі

"Қазір арнайы көркем фильмдерге зер салып жүрміз. Қазақ Елі туралы, "Анаға апарар жолды" түсірдік, тарихшы Бекмаханов туралы "Аманат" картинасын, Әміре Қашаубаев туралы түсіріп жатырмыз. "Қызғылт қоянды" халықтың ақшасына түсірді. Қайда қазір бұл фильм? Оның орнына тарихи фильмдер жасау керек еді. Қазір біз "Томирис" туралы фильм дайындап жатырмыз, кеше ғана Ақана Сатаевпен жолықтық, бәрі бекітілді. Осы арқылы тарихқа назар саламыз", - дейді Мұхамедиұлы мәдениет мәселелері туралы актілерге өзгеріс енгізуді талқылау барысында.  

Сондай-ақ, отырыс кезінде Парламент депутаты Сәрсенбай Еңсегенов Қазақстан әншілерін ән салу кезінде фонограмма қолдануға тыйым салуды ұсынды.

Дереккөз: Tengrinews.kz

31 наурыз 2017, 12:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.