Атырау, 3 мамыр 16:40
 ашықВ Атырау +15
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Мусин 400 мың теңге парамен ұсталды

Бейнежазба
3 975 просмотра

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Б.Мусин 400 мың теңге парамен ұсталып, қамауға алынды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Астана қалалық департаменті ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Б.Мусиннің мемлекеттік сатып алуға қатысушылар мүддесін лоббилеу үшін жүйелі түрде пара алғандығын анықтады», - деп хабарлады Ұлттық бюроның баспасөз қызметі.

Бүгін, яғни 31 наурызда, Б.Мусин кәсіпкерден 400 мың теңге көлеміндегі параның кезекті бөлігін алу барысында ұсталды. Ол Астана қалалық ІІД уақытша оқшаулағышына қамауға алынды.

Параның жалпы сомасы 1,4 млн теңгені құраған.

«Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген Ұлттық бюроның баспасөз қызметінің мәліметінде.


Дереккөз: Baq.kz

31 наурыз 2017, 12:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.