Атырау, 15 қазан 15:23
 ашықВ Атырау +12
$ 484.11
€ 528.79
₽ 5.03

"Қазақ хандығы" сериалының жалғасы түсіріледі

2 702 просмотра


Бүгін Астанада «Сарайшық: ұлы қала тарихы» халықаралық конференциясының ашылу салтанатында сөйлеген ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі.

«Биыл біз «Қазақ елі» тарихи фильмінің жалғасын түсіретін боламыз. Ол «Қасым хан» деп аталады. Бұл Сарайшық қаласымен тікелей қатысты. Мұнан бөлек министрліктің қолдауымен «Сарайшық» деректі фильмі жарыққа шығатын болады. Біз қазыр осы жұмыстарға дайындық үстіндеміз» - дейді министр.

Естеріңізде болса, осыдан бірнеше кін бұрын «Қазақ хандығы» сериалының сценарийін жазған авторлардың бірі Смағұл Елубай «Қазақ хандығы» телехикаясының жалғасы есепті Қасым хан туралы тарихи фильм түсірілетіндігі туралы айтқан болатын.

Бұл туралы жазушы «Жас Алаш» газетіне берген пікірінде айтқан. Онда Смағұл Абатұлы «Қазақ хандығы» тарихи жобасының төңірегіндегі сынға жауап бере келіп:

«Қазақ хандығы жобасына қатысты жаңалығымыз да бар. Осы тарихи жобаның жалғасы ретінде президент Н.Назарбаев мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына Қасым хан туралы тарихи фильм түсіруге тапсырма берді. Бізге де тапсырма беріліп, біз, сценаристер, тарихқа қайтадан кірейік деп жатырмыз. Бұл үлкен қуаныш. Қазақ хандарының ішіндегі ең мықты, айтулы хан – Қасым. Қазақтың қазіргі территориясының негізін сол Қасым хан күреспен, шайқаспен жүріп қалыптастырғаны белгілі. Сондықтан бұл жоба қызықты болады деп ойлаймын. Қалың көрерменді осы бір қуанышты хабармен құттықтап қояйын деп едім» - деген болатын.

Дереккөз: Baq.kz

3 сәуір 2017, 12:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.