Атырау, 15 қазан 15:26
 ашықВ Атырау +12
$ 484.11
€ 528.79
₽ 5.03

Головкиннің жекпе-жегі 17 шілдеде өтеді - Астананың спорт басқармасы

2 067 просмотра

Астана қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Берік Маржықпаевтың айтуынша, Астанадағы Головкин-Сондерс жекпе-жегі шілде айында өтеді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

"Кездесу шілденің 17-сі күні болатын болды. Головкиннің өзі қол қойыпты. Британдықпен жекпе-жек өзіміздің "Астана-Аренада" өтеді. Соған қаражат жинап, дайындала беріңіздер. Мен өзім ойлаймын, бағалары қымбат болады. Дегенмен, бір-екі жұма күту керек. Олар бізге қарамайды ғой. Қазір кәсіби бокс бизнес болып кетті ғой. Мен өзім ойлаймын, 10-15 мың, солай болуы тиіс. Бірақ менің білетінім, олар "Астана-Аренаға" тапсырыс беріп жатыр. Соны көріп, 30 мың көрерменнің алдында үлкен бокс кешін өткізбекші", - деді Маржықпаев елордада өткен бүгінгі баспасөз мәслиxатында. 

Айта кетейік, британдық Билли Джо Сондерсте (24-0, 12 КО) Головкинге қажетті соңғы WBO белбеуі бар. Оны жеңсе, абсолютті чемпион атанады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

3 сәуір 2017, 12:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.