Атырау, 4 тамыз 22:20
 дождьВ Атырау +35
$ 475.38
€ 547.73
₽ 5.93

Басқа жаңалықтар

«”Бейбарыс” қашан да үздіктер қатарында болады» Басқа жаңалықтар

«”Бейбарыс” қашан да үздіктер қатарында болады»

Жаңа жыл қарсаңында хоккейден ел чемпионатының бірінші кезеңі аяқталды. Облыстық «Бейбарыс» командасы оны алтыншы орынмен аяқтады. Қаңтар-ақпан айларында команда тұрақты чемпионаттың 9-турында ойнайды, содан соң «плей-оф» матчы басталады. «Бейбарыстың» мүмкіндігі қандай? Біз хоккей сарапшысы, қазіргі Жаңа Зеландия құрамасын жаттықтырушы Анатолий ХОРОЗОВПЕН хабарласқан едік. «Бейбарыс» командасы оған бөтен емес, 2013-2015 жылдары ол бас бапкер Александр ИСТОМИННІҢ көмекшісі болып жұмыс жасаған болатын. 11 қаңтар 2018, 00:00 2 086 рет қаралды
Ет неге қымбаттады? Басқа жаңалықтар

Ет неге қымбаттады?

Өткен аптада қала базарларында ет бағасы қымбаттады. Тұрғындар  сиырдың сан етінің 2500 теңгеге дейін көтерілгенін айтады. «АЖ» тілшісі Сарайшық» коммуналдық базары, «Көктем», «Дина» базарларын аралап қайтты. 9 қаңтар 2018, 17:46 5 226 рет қаралды
Жол-көлік оқиғасы болды ма? Басқа жаңалықтар

Жол-көлік оқиғасы болды ма?

Әлеуметтік желілерде Атыраудағы полиция қызметкерлерінің өзі қатыспаған жол-көлік оқиғасын мойнына «іліп тастағасы» келетіні туралы айтылған бейнежазба тарап кетті. Автордың көлігі еш бүлінбеген, ал полицейлер мінген «азаматтық» автокөлікте ескі сызаттар бар екен. Және олар жол-көлік оқиғасының хаттамасын толтырмау үшін өзінен пара алуға тырысыпты.  9 қаңтар 2018, 17:49 4 747 рет қаралды
Атыраудың ауасы қандай? Басқа жаңалықтар

Атыраудың ауасы қандай?

2017 жылы жүргізілген зерттеу жұмыстары Атырау қаласында атмосфералық ауаның жер бетіне жақын қабатында зиянды заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясының (ШРК) үнемі артып отыратынын көрсетті.  9 қаңтар 2018, 11:47 5 397 рет қаралды
Ортақ шекараны қорғаған Басқа жаңалықтар

Ортақ шекараны қорғаған

Өткен ғасырдың 90-жылдары тәжік-ауған шекарасында әскери қызмет атқарған қазақстандықтар 2016 жылы парламентке өздерінің мәртебесін ҰОС ардагерлеріне теңестіру жөнінде хат жазған. Бұл туралы «Тәжік-ауған шекарасындағы ұрысқа қатысушы ардагерлер одағының республикалық бірлестігінің Атырау облыстық филиалы төрағасы Қанат ҚАДЫРҚҰЛОВ облыстық әскери комиссариатта өткен мәжілісі депуттарымен кездесуде еске салды. 9 қаңтар 2018, 11:35 3 281 рет қаралды
Ұмыт қалған ой-шұңқырлар Басқа жаңалықтар

Ұмыт қалған ой-шұңқырлар

Өткен жылдың наурызында біз Атырау жолдарындағы ойлы-шұңқырлы жерлер туралы, оларды айналып өткен кезде апат жасау қаупі туындайтынын жазған едік. Содан бері өзгерістер орын алып, жазда жалпы алаңы 21 800 м² болатын жол төсемдеріне ағымдық жөндеу (шұңқыр жамау) жұмыстары жүргізілді.   Сурет 9 қаңтар 2018, 10:44 4 380 рет қаралды
Күмісбектегі қытай ізі - 2 Басқа жаңалықтар

Күмісбектегі қытай ізі - 2

Қытайлық үлесі бар «Көлжан-Ойл» ЖШС-тің «Күмісбек» кен орнында (Құрманғазы ауданы Ганюшкино ауылынан 100 км қашықта) бітелмеген 6 ұңғыманы қалдырып, жоқ болып кеткеніне төрт жылдай болды. 2016 жылы екі ұңғымадан мұнай төгіліп, 30 гектардай жерді бүлдірген. 8 қаңтар 2018, 10:17 5 124 рет қаралды
​«Гүл» сағаты әзірге жұмыс жасап тұр Басқа жаңалықтар

​«Гүл» сағаты әзірге жұмыс жасап тұр

Мемлекеттік сатып алулар сайтында жол тармағы (Сәтпаев даңғылы – Құрманғазы көшесі) бөктеріндегі «гүл» сағатын алдағы жөндеу жұмыстары туралы хабарлама пайда болды. Жұмыстар 3,5 млн теңгеге бағаланып отыр. 5 қаңтар 2018, 10:00 7 935 рет қаралды
Қымбат көліктері үшін "жазаланды" Басқа жаңалықтар

Қымбат көліктері үшін "жазаланды"

ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәжіліс депутаттарына жолдаған жауап хатында қымбат автокөлік сатып алуға жол берген лауазымды тұлғаларға «тәртіптік жаза» қолданғанын хабарлаған. Сол жерде бірнеше атыраулық шенеунік туралы да айтылған. 4 қаңтар 2018, 16:42 4 071 рет қаралды
Оқиғалар тізбегі Басқа жаңалықтар

Оқиғалар тізбегі

Жаңа жыл қарсаңында ҚІІБ-не Жылыой ауданының 34 жастағы тұрғыны шағымданды. Белгісіз біреулер Баймұханов көшесінің бойындағы моншаның жанында тұрған «Лада Гранта» көлігінің есігін бұзып ашып, ішінен «Самсунг» телефоны мен 12 мың теңгесін ұрлап кеткен. Зардап шегуші тигізілген жалпы зиянды 149 мың теңгеге бағалады. Күдіктінің жеке басы анықталуда. 4 қаңтар 2018, 00:00 2 965 рет қаралды
Куәлікті кепілге қалдырды ма әлде жоғалтты ма? Басқа жаңалықтар

Куәлікті кепілге қалдырды ма әлде жоғалтты ма?

1 қаңтарда таңертең Атырау ҚІІБ-не Оңтүстік Қазақстан облысының 38 жастағы тумасы шағымданды. Әйел адам жаңа жыл түнінде Сәтпаев даңғылы бойындағы жалдамалы пәтеріне белгісіз үш адамның баса-көктеп кіріп, пышақпен қорқытып, алтын сырғасын, 50 мың теңгесін және «Нокиа» ұялы телефонын тартып алғандығын мәлімдеді. 3 қаңтар 2018, 16:04 3 112 рет қаралды
Байланыс аймағынан тыс жерде Басқа жаңалықтар

Байланыс аймағынан тыс жерде

29 желтоқсанға қараған түні 5546-ші әскери бөлімше сарбаздары (Ұлттық гвардия) УГ-157/9 (түзету-еңбек колониясы) негізгі қоршауы арқылы ұялы телефондарды лақтыруға әрекеттенген екі жас жігітті ұстады.  3 қаңтар 2018, 12:59 3 279 рет қаралды