23 қаңтарда таңертеңгі сағат 09.43-те Жылыой ауданы Шоқпартоғай разъезінің «Мақат – Құлсары» учаскесінде бидай тиелген 5 вагон рельстен шығып кеткен.
Бұл оқиға басқа пойыздардың қозғалысына әсер етпеді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазір теміржолшылар қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде.
Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА
Куәгерлер түсірген суреттер мен бейнежазба