Атырау, 26 қараша 15:27
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Көлік басқару: қандай айыппұлдар азаяды

4 871 просмотра


Ағымдағы жылдың 9 қаңтарынан бастап ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген түзетулер күшіне енді. Олардың кейбіреулері жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін салынатын айыппұлдың азаюын қарастырады.

- Айыппұлдардың азаюынан басқа, Кодекстің бес құрамы бойынша көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыру мерзімі қысқартылды,  ал тағы төрт құрам бойынша ескерту түрінде балама санкциялар енгізілді, - дейді Атырау облыстық ІІД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Мырзалы ӨТЕҒАЛИЕВ. – Сонымен қатар, құқық бұзушыға құқық бұзған күннен бастап жеті күн ішінде толық соманың 50% мөлшерінде айыппұл төлеуге мүмкіндік берілетін қысқартылған іс жүргізуді қолдану институты да кеңейтілді (Кодекстің 810-бабы).

Тамара СУХОМЛИНОВА


                                          Жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл мөлшері


ӘҚБтК бабы

Құқық бұзушылықтың атауы

Айыппұлдың бұрынғы мөлшері АЕК-пен

Айыппұлдың жаңа мөлшері

АЕК-пен

Теңгедегі сомасы

590-бап. Көлiк құралдарын (КҚ) пайдалану қағидаларын бұзу

4-бөлік

Көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi бар, сәйкестендіруге кедергі келтіретін не олардың түрін өзгертетін немесе жасыратын құрылғылар мен материалдар қолданыла отырып  КҚ басқару

 

 

 

  20 АЕК айыппұл немесе 1 жыл мерзiмге көлiк басқару құқығынан айыру

 

 

 

20 АЕК айыппұл немесе 1 жыл мерзiмге көлiк басқару құқығынан айыру

 (4-бөлік толықтырылды)

48 100

592-бап. Белгiленген жүру жылдамдығын арттыру

1-бөлік

Жылдамдықты сағатына 10-нан 20 километрге дейiнгi шамаға арттыру

10 АЕК

5 АЕК

12 025

2-бөлік

Жылдамдықты сағатына 20-дан 40 километрге дейiнгi шамаға арттыру

15 АЕК

10 АЕК

24 050

3-бөлік

Жылдамдықты сағатына 40 километрден астам шамаға арттыру

30 АЕК

20 АЕК

48 100

3-бөлік

Осы баптың екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер, – (өзгертілді)

40 АЕК

30 АЕК

72 150

594-бап. Жол қиылыстарынан өту қағидаларын бұзу немесе жолдың жүру бөлiгiн кесiп өту

1-бөлік

Кептеліс пайда болған жағдайда жол қиылысына шығу 

10 АЕК

Ескерту немесе 3 АЕК  мөлшерінде айыппұл,  жаза қолданылғаннан кейін 1 жыл ішінде қайталап жасалса –  7  АЕК

7 215 теңге, қайтадан бұзса 16 835

2-бөлік   

Жол қиылыстарынан өтудің басымдық құқығын пайдаланатын КҚ жол беру талабын орындамау

15 АЕК

15 АЕК айыппұл, қайталап жасалса — 20 АЕК

36 075 теңге, қайтадан бұзса 48 100

596-бап. Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу

2-бөлік

Қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу

20 АЕК

15 АЕК

36 075

3-бөлік

Жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жағдайларда қарсы бағытқа, оның ішінде кері бұрылып немесе бұрылыс жасап шығу

1 жылға КҚ басқару құқығынан айыру

6 айға көлік құралдарын басқару құқығынан айыру (3-бөлік толықтырылды)

 

597-бап. Көлiк құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу

1-бөлік

Гүлзарларда, балалар немесе спорт алаңдарында немесе жол бойында тұрып жол жүрісіне кедергі келтірген жағдайларды қоспағанда, КҚ аялдауы немесе тоқтап тұруы қағидаларын бұзу

10 АЕК

5 АЕК айыппұл, қайталап жасалса— 10 АЕК

12 025 теңге, қайтадан бұзса 24 050

2-бөлік

Тротуарда және балалар алаңдарында тоқтату немесе тоқтап тұру

15 АЕК айыппұл, қайталап жасалса — 30 АЕК

10 АЕК айыппұл, қайталап жасалса — 15 АЕК

24 050 теңге, қайтадан бұзса 36 075

3-бөлік

Басқа КҚ жол жүрісіне кедергі келтіруге әкеп соққан, КҚ жолдың жүру бөлігінде тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу

20 АЕК айыппұл, қайталап жасалса — 30 АЕК

10 АЕК айыппұл, қайталап жасалса — 15 АЕК

24 050 теңге, қайтадан бұзса 36 075

4-бөлік

Мүгедектер тұру үшін бөлінген жерлерде тоқтату немесе тоқтап тұру

50 АЕК айыппұл, қайталап жасалса — 70 АЕК

10 АЕК айыппұл, қайталап жасалса — 15 АЕК

24 050 теңге, қайтадан бұзса 36 075

599-бап. Бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушiнiң тыйым салатын қимылына қарамай өту

2-бөлік

Бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушiнiң тыйым салатын қимылына қарамай өту

10 АЕК айыппұл, қайталап жасалса — 20 АЕК

10 АЕК айыппұл, қайталап жасалса — 15 АЕК

24 050 теңге, қайтадан бұзса 36 075

600-бап. Жаяу жүргiншiлердің немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларының жүруiне басымдық бермеу

2-бөлік

Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған жол жүрiсi қағидаларының жаяу жүргiншiлерге жол беру талаптарын орындамау

20 АЕК

15 АЕК

36 075

602-бап. Көлiк құралдары жүргiзушiлерінің сыртқы жарық түсіру аспаптарын және (немесе) дыбыс сигналдарын пайдалану, авариялық сигнал берудi қолдану қағидаларын бұзуы

1-бөлік

Тәулiктiң жарық мезгiлiнде сыртқы жарық түсiру аспаптарын, дыбыс сигналдарын, авариялық сигнал беруді  пайдалану қағидаларын бұзу

5 АЕК айыппұл, қайталап жасалса  — 7 АЕК

Екерту немесе 3 АЕК айыппұл, қайталап жасалса — 5 АЕК

7 215 теңге, қайтадан бұзса 12 025

610-бап. КҚ жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, КҚ немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы

1-бөлік

Материалдық залал келтiрген КҚ жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын бұзуы

10 АЕК айыппұл немесе 9 айға куәлігінен айыру

20 АЕК айыппұл немесе 6 айға куәлігінен айыру

48 100

2-бөлік

Жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зиян келтiруге әкеп соққан КҚ жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын бұзуы

15 АЕК айыппұл және 12 айға куәлігінен айыру

40 АЕК айыппұл немесе 9 айға куәлігінен айыру

96 200

3-бөлік

Бiрiншi және екiншi бөлiктерде көзделген, КҚ басқару құқығы жоқ не басқару құқығынан айырылған адам жасаған  әрекеттер

20 АЕК

60 АЕК

144 300

612-бап. Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы 

4-1-бөлік

КҚ басқару құқығынан айрылған жүргiзушiнiң бiр жыл iшiнде қайталап көлiк құралын басқаруы 

30 АЕК

20 АЕК

48 100

613-бап. Ішкі істер (полиция), көліктік бақылау органдары қызметкерінің ҚР Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде және ҚР аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде, әскери полиция органдары қызметкерінің талаптарын орындамау, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйін куәландырудан өтуден жалтару

1-бөлік

Құқыққорғау органдары қызметкерінің КҚ тоқтату туралы заңды талабын орындамау

1 жылға куәлігінен айыру. Куәлігінен айырылған немесе куәлігі жоқ тұлғаларға 20 АЕК айыппұл

30 АЕК айыппұл, қайталап жасалса —6 айға куәлігінен айыру. Куәлігінен айырылғандар үшін айыппұл для— 50 АЕК

72 150 теңге, куәлігінен айырылғандар үшін — 120 250

615-бап. Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы

1-бөлік

Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың (мопедтердi, велосипедтер мен ат-арба көлiгiн басқаратын адамдардың) жол жүрісі қағидаларының талаптарын бұзуы

 

5 АЕК айыппұл, қайталап жасалса — 15 АЕК

2 АЕК айыппұл, қайталап жасалса — 10 АЕК

4 810 теңге, қайтадан бұзса 24 050

* 2018 жылы айлық есептік көрсеткіш 2405 теңгеге тең.


23 қаңтар 2018, 09:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.