Атырау, 26 қараша 13:55
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Апат кезіндегі адамдардың өлімі үшін қамауға алынды

3 904 просмотра


5 адам қаза болып, тағы 5 адам ауруханаға түскен жол апатын жасаған «Хендэ Аксент» көлігінің жүргізушісі қамауға алынды.

«Атырау облысы Исатай аудандық сотының тергеу судьясы ІІД тергеу бөлімі тергеушісінің күдікті К.-ны қамауға алу туралы бұлтартпау шарасы туралы өтінішін қанағаттандырды», - деп хабарлайды Исатай аудандық сотының баспасөз қызметі.

ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша ("Екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. 

Естеріңізге салсақ, биылғы жылдың 14 қаңтарында Атырау-Астрахан трассасында Х. Ерғалиев ауылына жақын маңда «Хендэ Аксент» мен «Лада-21154» көліктері соқтығысқан еді. Апат салдарынан «Ладаның» 4 жолаушысы мен жүргізушісі сол жерде көз жұмды. «Хендэ Аксент» көлігінің бес жолаушысы (олардың ішінде 17 жастағы қыз бен 9 жасар бала) ауруханаға жеткізілді. 

Фархат ӘБІЛОВ

23 қаңтар 2018, 15:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.