30-ға жуық жұмысшы Атырау қаласының сол жағалауындағы кәріздік-тазарту қондырғысындағы (КТҚ) құрылыс жұмыстарын тоқтатты, өйткені олар жалақысыз қалған еді.
Жұмысшылар «АЖ» редакциясына өздерінің наразылық акциясы туралы хабарлап, тілшімен кездесу үшін құрылыс нысаны қақпасының алдына жиналды. Олардың айтуынша, бір жарым айдан бері орындалған жұмыстары үшін уәде етілген ақшаларын ала алмай келеді екен. Оларды «Неодмиум ЭКСПО» ЖШС (Астана қ.) жалдаған. Өткен жылдың 30 қарашасында олар КТҚ ғимаратының ішкі әрлеу жұмыстарына кірісіпті. Жұмысшылардың бәрі жергілікті, оның ішінде 11 электрик бар.
Құрылысшылар бригадирі Виталий БАЗАРНОВ:
- Маған таныстарым қоңырау шалып, құрылыс мамандарын таба аласың ба деп сұрап, жұмыс ұсынды. Жұмыс мөлшерін орындадық. Бізге аз бөлігін төледі. Біз 15-20 мың теңгеден жұмысшыларға тараттық. Екінші рет 22 желтоқсанда 335 мың теңге төледі, бұл 20 адамға ақша бола ма (электриктердің жалақысы бөлек есептеледі – А.С). 15-20 мыңнан шықты. Осыдан кейін жұмыстың 90 пайызы орындалды. Бірақ материалдар кешіктірілді. Қайта-қайта сұраныс жасадық. Содан кейін жігіттер жұмысты тоқтатуға шешім қабылдады. Өйткені қаржыландыру болмады, ақша жоқ.
- Орындалған жұмыс көлемі үшін сіздерге қанша қарыз?
- 2 миллион 199 мың. Бұған дейін жұмысымыз үшін 335 мың және 440 мың теңге алдық.
Аға электрик Берік МУХАЕВТЫҢ айтуынша, олардың электриктер бригадасына орындалған жұмыстар үшін 4 миллион теңге уәде етілген, олар ақшаның жартысын алған, қалғаны - жоқ.
Жалдамалы жұмысшы Ербол АСКАБИЕВ:
- Мен бұл жерге 5 желтоқсанда жұмыс жасауға келдім. Менен бұрын бастапқыда 8 адам жұмыс істеген, содан кейін 20 шақты болдық. Біз өз жұмысымызды орындадық. Ақша аударылмайды деді, содан кейін 15 желтоқсанда беруге уәде берді, бірақ олар уәделерін орындамады. Содан кейін 17-де беруге уәде етті. Тағы да жоқ. Бізге ақша жоқ екенін, өздерінің Евгений Тянды («Неодим ЭКСПО» ЖШС директоры – А.С.) іздеп жүргендерін, оны іздестіруге бергендерін айтты. Біз енді ақшасыз қалдық, 20 шақты адамбыз. Бәріміздің отбасымыз, несиелеріміз бар. Астанадан келген басшылық Тяннің 14 желтоқсан күні қашып кеткенін, оның Өзбекстан азаматы екенін айтты. Бұл туралы 17 желтоқсанда білдік. Астанадағы басшылық сол күні 54 млн теңгенің аударылғанын айтты.
Жақында ресми іс-шаралардың бірінде осы кәріз-тазарту қондырғысын салу құны 4 миллиард теңге екені айтылды. Естеріңізге салсақ, көптен күткен нысанның даулы хикаясы Бергей РЫСҚАЛИЕВ әкім болған кезден бері созылып келеді, тергеу және өткізілген сот жорамалы бойынша, бұл жерде қомақты қаржылар ұрланған.
Қазір КТҚ-ға тапсырыс беруші - Атырау облысының құрылыс басқармасы. Бас мердігер - «Павлодар өзен порты» ЖШС (Павлодар қаласы). Қосалқы мердігер - «Сұхбат НС» ЖШС (Астана қ.), ол делдал – «Неодим ЭКСПО» ЖШС арқылы жұмыстың жалпы көлемін орындауға жауапты. ҚОС құрылысы өткен жылы басталған. Келісімшарт бойынша тапсыру мерзімі - 2019 жыл.
Жұмысшылар айтып жүрген Евгений ТЯН - «Неодим ЭКСПО» ЖШС директоры. Анықталғандай, бұл мекеме жазбаша түрде жұмысшылармен келісімшарт жасамаған. Бәрі ауызша түрде болған. Жұмысшылар өздеріне келісімшартты кейінірек жасауға уәде бергенін, бірақ олар ақыры келісімшартты көрмегендерін айтады. Желтоқсанда жұмысшылар жалақыларын талап еткеннен кейін Атырауға «Сұхбат НС» ЖШС қосалқы мердігер компаниясының өкілі келіп, Евгений Тяннің 54 млн теңгемен бірге ғайып болғанын, ҚР шекарасы аумағынан шығып кеткенін мәлімдеген.
Жұмысшылармен сөйлескеннен кейін біз «Сұхбат НС» басшысы Рустем ЖҮНІСОВКЕ қоңырау шалдық. Алайда, ол телефон арқылы ахуалды түсіндіріп жатпай, Атырауға ұшып баратынын айтты. Сондай-ақ, өзіне прокуратурадан қоңырау соғып жатқанын, анық-қанығын анықтайтынын жеткізді.
Бас мердігер «Павлодар өзен порты» ЖШС-нің учаске шебері Рустам ЖҰМАТАЕВ ақшаның алдымен «Сұхбат НА» қосалқы мердігеріне аударылғанын және әрі қарай проблеманы сол компания шешуге тиіс екенін растады.
Жұмысшыларға, егер олар шу көтермесе және бұқаралық ақпарат құралдарына жүгінбейтін болса, ақшаларын төлеуге уәде берген. Бірақ бұл нысанның жеке емес, мемлекеттік меншік екенін түсінуіміз керек. Сондықтан ақшаның барлығы да, бұл жердегі проблемалар да - мемлекеттікі.
Атырау облыстық құрылыс басқармасы бастығының орынбасары Мерей ЖАНТӨРЕЕВТІҢ айтуынша, жобаның жалпы құны 13 млрд теңгеден асады. КТҚ құрылысы 2010 жылы басталған. Сол кезде «СнабОйлСтрой» ЖШС-мен келісімшартқа қол қойылыпты. 2012 жылдың соңында артық төлену себебімен жобаны іске асыруға қаражат бөлу тоқтатылған. 2016 жылы жобалық-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) түзету аяқталды. Сол жылы ол мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алған.
- 2017 жылы жаңа мердігер компаниямен - «Павлодар өзен порты» ЖШС-мен келісімшарт жасалды. Мұнда құрылыс жобасының сомасы 9,9 млрд теңге болды. Құрылыс және монтаждау жұмыстары өткен жылдың аяғында басталды. Белгілі бір жұмыстар аяқталғаннан кейін өткен жылы компания 200 млн теңге бөлді. Қазір нысанда жұмыстар толығымен жүріп жатыр.
Тілшімен кездескеннен кейін келесі күні жұмысшылар қоңырау шалып, оларға барлық ақшаларды төлеуге уәде етілген хабарлады. Қазір бұл мәселемен қалалық прокуратура айналысуда.
P.S.: Жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін маған жұмысшылардың біреуі телефон соғып, барлық жалақы қарыздарын төлегенін айтты. Егер жұмысшылардың осы екі-үш миллион қарызына қатысты проблема туындамағанда, Өзбекстан азаматы Тянның 54 миллионмен жұмбақ жағдайда жоғалуы туралы ешкім білмес те еді.
Айнұр САПАРОВА
Бейнежазбаны түсірген: Ғани САҒЫНДЫҚОВ