Атырау, 26 қараша 15:31
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

60 пара көлемінде жаза тағайындалды

8 468 просмотра


Атырау қалалық №2 сотында пара алды деген күдікпен бұрын қамауға алынған Қайрат КЕНЖАЛИЕВКЕ қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, сотталушы «Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» ММ басшысының орынбасары лауазымында жұмыс жасай жүріп, 2017 жылдың желтоқсанында мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алу кезінде көмектескені үшін 300 мың теңге көлемінде пара алған.

№2 соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, сотталушы кінәсін мойындау туралы прокурормен іс жүргізу келісімін жасауға ниет білдірген. Ол ҚР ҚК-нің 366-бабы бойынша кінәлі деп танылып, оған өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырумен қатар, пара сомасының 60 есе мөлшеріндегі айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

18 қаңтар 2018, 15:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.