Атырау, 26 қараша 17:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

ТКШ заңгері ұсталды

3 698 просмотра

26 желтоқсанда №2 Атырау қалалық сотына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы департаменті тергеушісінен күдікті Қ-ға қатысты «қамауда ұстау» түрінде бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтініш түсті.

Тергеу жорамалы бойынша, Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімі бастығының тұрғын үй қатынастары жөніндегі орынбасары жауапты лауазымында жұмыс істеп жүрген күдікті  Қ.  едәуір мөлшерде пара алған.

Бұл факт ҚР ҚК-нің 366-бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сот Қ-ны екі айға «қамауда ұстау» түрінде бұлтартпау шарасына санкция берді.  

Тергеу шаралары жалғасуда.

Анықталғандай, ұсталған Қайрат Кенжалиев. Заңгер, құқық бойынша тұрғын үй мәселелеріне жеткшілік етеді. Атап айтқанда, оған қаланың ескі бөлігін күреумен айналысу тапсырылған. Сондай-ақ, ол Перетаска тұрғындарын АМӨЗ-дің санитарлық-қорғау аймағынан көшіру үшін жауапты болды.

Фархат ӘБІЛОВ

28 желтоқсан 2017, 21:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.