Атырау, 25 сәуір 15:47
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Әкім орынбасары мен құрылыс бөлімінің бастығы ұсталды

8 149 просмотра


«АЖ» бейресми ақпараты бойынша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Атырау облысы бойынша департаментінің қызметкерлері жұма күні кешкісін, 19 қаңтарда осы операцияны өткізген.

Мақат ауданы әкімінің орынбасары Жақсылық МҮСЕПОВ пен құрылыс бөлімінің бастығы Құралбек АДАМБАЕВ ұсталды, олардың неге күдіктелгенін болжауға ғана болады.  Ұлттық бюро департаменті «АЖ» тілшісіне бұл ақпаратқа әзірге комментарий бермеді, бірақ жоққа да шығармады.

Бейсенбі күні, 18 қаңтарда Мақаттағы Мәдениет үйінде облыс әкімі Нұрлан НОҒАЕВТЫҢ қатысуымен аудан әкімі Берікқали СӘРСЕНҒАЛИЕВТЫҢ есебі тыңдалған қоғамдық жиналыс өткен еді. Ал келесі күні Ұлттық бюро қызметкерлері тыныш қана өз операциясын өткізеді.

Фархат ӘБІЛОВ 

21 қаңтар 2018, 01:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.