2013 жылы қазақстандық TULPAR Energy Services компаниясы Қарабатан станциясына теміржол терминалын салу жобасына арналған болат конструкцияларды жеткізу бойынша ашық конкурсқа қатысып, келісімшартты жеңіп алды. Осы жобаға тапсырыс беруші Аджип ҚКO компаниясы болатын. Аджип ҚКО атынан конкурсты өткізу және жобаны басқару австралиялық «УорлиПарсонс Казахстан» компаниясына сеніп тапсырылды.
Келісімшарт жасалған сәттен бастап және келісімшарттық міндеттемелерді тиісінше орындамау нәтижесінде австралиялық «УорлиПарсонс Казахстан» компаниясы TULPAR Energy Services компаниясына қаржылық залал келтірді. Соның салдарынан TULPAR Energy Services компаниясы оңалту процесін қолданып, өз жұмысшыларының басым бөлігін жұмыстан шығаруға мәжбүр болды.
Қазақстандық 50 шақты отбасы табыс көзінсіз қалды, 20-дан астам қазақстандық компания жеткізілген қызметтер мен тауарлар үшін есеп айыру төлемдерін ала алмады.
TULPAR Energy Services компаниясы қиын-қыстау жағдайда қалды. Сот процестеріне тартылған заңгерлер мәселенің мәнін судьяларға жеткізе алмады, нәтижесінде сот актілері бірнеше рет талапкердің пайдасына шешілмеді.
TULPAR Energy Services компаниясы директорының өз ісінің шеберлері, заңгерлер Анар Салимов пен Татьяна Нестероваға жүгінуі осы хикаяға бетбұрыс әкелді. А. Салимов пен Т. Нестерова TULPAR Energy Services еңбек ұжымының мүдделерін ескере отырып, осы мәселе бойынша кәсіби тұрғыда Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына қайтадан талап-арызбен жүгінді.
Азаматтық іс бойынша тараптардың бәсекелестік сипатын, тараптар ұсынған дәлелдер мен құжаттарды ескере отырып, Маңғыстау облыстық соты TULPAR Energy Services ЖШС-нің «УорлиПарсонс Казахстан» ЖШС-не қойған талаптарын қанағаттандырды.
TULPAR Energy Services еңбек ұжымының өкілі Анна Коровкинаның пікірінше, соттың бұл шешімі әділ әрі заңды. Ол Маңғыстау облысының сотына ашықтығы үшін және осы істі қараған судьялардың кәсібилігі үшін бүкіл еңбек ұжымының атынан ризашылықпен алғыс білдіргісі келеді.
«Көп жылдар бойына жалақыларын ала алмаған жандардың күлімсіреп, қуаныштан нұрланған жүздерін көргеннен кейін сот әділдігіне және судьялардың кәсібилігіне сенбеске болмайды», - дейді Анна.
TULPAR Energy Services ЖШС директоры Тынышбек Мараттың айтуынша, қиындықтарға қарамастан, өз ісімізді жалғастыруға, қазақстандықтар үшін жаңа жұмыс орындарын ашуға және өндіріс айналымын ұлғайта беруге күш-қуатымыз жеткілікті. TULPAR Energy Services ЖШС-нің отандық инвестор әрі Елбасының жіті назарындағы «Ақтау теңіз порты АЭА» Арнайы Экономикалық Аймағына қатысушы кәсіпорын екендігі маңызды фактор болып отыр.