Атырау, 22 желтоқсан 02:08
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Барлық жаңалық

Мұхамедиұлы өзіне тағылған айыпқа қатысты сотқа жүгінбек Қазақстанда

Мұхамедиұлы өзіне тағылған айыпқа қатысты сотқа жүгінбек

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы интернетте өзі туралы жасалған мәлімдемелерге қатысты "ар-намысы мен абыройын тек сотта қорғайды" деп хабарлады Азаттық министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 12 қазан 2016, 11:37 2 355 рет қаралды
Молдова азаматтары 800 астаналықтың карточкаларына ұрлыққа түскен Қазақстанда

Молдова азаматтары 800 астаналықтың карточкаларына ұрлыққа түскен

Сарыарқа аудандық соты Астана қаласы ІІД-нің Молдова азаматтарын Қазақстан Республикасының аумағынан шығару туралы талап арызын қарады,- деп хабарлады Қазақпарат. 12 қазан 2016, 10:34 2 383 рет қаралды
Кабулде шабуылдан 14 адам мерт болды Әлемде

Кабулде шабуылдан 14 адам мерт болды

Кабулде қарулы адам шииттердің Ашура діни мерекесі қарсаңында қаладағы ең ірі мазарлардың біріне зияратқа жиналған адамдарға оқ атып, 14 адам қаза тапты. Ауғанстан ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Седик Седдики Азаттықтың Ауған редакциясына 11 қазанда Карт-е Шахи мазарында болған шабуылдан кем дегенде 36 адам жараланғанын айтты. Мерт болғандардың 13-і - бейбіт тұрғындар, біреуі - полиция қызметкері,- деп хабарлады Азаттық. 12 қазан 2016, 10:27 2 549 рет қаралды
Елімізде трансплантация тегін жасалады Қазақстанда

Елімізде трансплантация тегін жасалады

Елімізде трансплантация тегін жасалады. Бұл туралы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің өкілдері мәлімдеді. Бұндай қымбат операциялар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізген соң ақысыз жасалады,- деп хабарлады BNews.kz. 12 қазан 2016, 10:20 2 053 рет қаралды
Обама республикалықтарды Трамптан бас тартуға шақырды Әлемде

Обама республикалықтарды Трамптан бас тартуға шақырды

АҚШ Президенті Барак Обама Дональд Трампты сынға алып, Республикалық партияның ықпалды мүшелерін оған президенттікке үміткер ретінде қолдау көрсетуден ресми түрде бас тартуға шақырды, деп хабарлады Baq.kz порталы BBC.com-ға сілтеме жасап. 12 қазан 2016, 10:03 2 191 рет қаралды
Ресей Алеппоны қайта бомбалай бастады Әлемде

Ресей Алеппоны қайта бомбалай бастады

Ресей әскери-әуе күштері Алеппоның көтерілісшілер бақылауындағы шығысын бірнеше күндік үзілістен соң қайта бомбалай бастады. Syrian Observatory for Human Rights ұйымының мәліметіне қарағанда, Бустан әл-Каср және Фардос аудандарында шабуылдардан кем дегенде сегіз бейбіт тұрғын қаза болған. Қаланың бұл аудандарында кем дегенде 250 мың адам қоршауда қалған,- деп хабарлады Азаттық. 12 қазан 2016, 10:00 1 872 рет қаралды
Бас жылу беруші: «Диспетчерлікке қоңырау соққанда сөздеріңізге абай болыңыз» Басқа жаңалықтар

Бас жылу беруші: «Диспетчерлікке қоңырау соққанда сөздеріңізге абай болыңыз»

Бүгінгі күні Атыраудағы бүкіл мектепке, балабақша мен ауруханаларға жылу берілген. ЖЭО жүйесінен жылу алатын 841 үйдің ішінен шаруашылықта жоқ алты тұрғын үй жуу-жаю жұмыстарынан өтпеген. Оларды жөндеу жұмыстарымен қалалық ТКШ бөлімі айналысады. Тұрғын үйлерге жылу беруді 13 қазаннан бастауға тапсырма берілген. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Атырау жылу жүйелері» АҚ президенті Нұрадин ШАМШАТОВ (суретте) хабарлады. 11 қазан 2016, 17:45 2 119 рет қаралды
Назарбаевты 13 қазанда Арменияға ресми сапармен келеді деп күтуде Қазақстанда

Назарбаевты 13 қазанда Арменияға ресми сапармен келеді деп күтуде

Алматы. 11 қазан. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты 13 қазанда ресми сапармен Арменияда күтіп отыр, деп хабарлады армян мемлекеті басшысының баспасөз қызметінен. 11 қазан 2016, 15:41 2 654 рет қаралды
БАҚ: Путин 19 қазанда Парижге барудан бас тартты Әлемде

БАҚ: Путин 19 қазанда Парижге барудан бас тартты

Кейбір агенттіктердің хабарлауынша, Ресей президенті Владимир Путин Парижге 19 қазанға жоспарлаған сапарынан бас тартты. Reuters-тің Франциядағы дереккөзіне сілтеме жасап хабарлауына қарағанда, Путин мұндай шешімді Франция президенті Франсуа Олланд өзімен кездесуде Сирияның Алеппо қаласындағы жағдайдан басқа мәселелерді талқылауға ниетті емесін білген соң қабылдаған,- деп хабарлады Азаттық. 11 қазан 2016, 15:35 2 129 рет қаралды
Т. Дүйсенова: Атырау облысында 3,8 мың адам жұмыссыз қалуы мүмкін Басқа жаңалықтар

Т. Дүйсенова: Атырау облысында 3,8 мың адам жұмыссыз қалуы мүмкін

Арнайы жұмыс тобы өткізген зерттеу шаралары нәтижесінде 99 мұнай-сервистік компанияда жұмыстан босату қаупі бар екені анықталды. Бұл мекемелерде 44 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Бүгінде министрліктің қолдауын қажет ететін жұмысшылардың үш тобы анықталып отыр. Бұл туралы үкіметтің кезекті отырысында ҚР Денсаулық және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова айтты, деп xабарлайды Baq.kz. 11 қазан 2016, 15:24 3 430 рет қаралды
Матаевтың ісі жөніндегі төраға қорғаушыларға аппеляциялық шағым түсіруге кедергі келтіруде – адвокат Матаевтар ici

Матаевтың ісі жөніндегі төраға қорғаушыларға аппеляциялық шағым түсіруге кедергі келтіруде – адвокат

Алматы. 11 қазан. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Сейтқазы мен Әсет Матаевтардың сотында сот төрағасы болған Ақболат Құрмантаев қорғаушыларға аппеляциялық шағым беруге кедергі келтіруде, деп мәлім етті адвокат Андрей Петров. 11 қазан 2016, 14:37 5 178 рет қаралды
Алматыда теракт ұйымдастырмақ болған радикал топтың үш мүшесі ұсталды Қазақстанда

Алматыда теракт ұйымдастырмақ болған радикал топтың үш мүшесі ұсталды

Алматыда теракт ұйымдастырмақ болған радикал топтың үш мүшесі ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасы ҰҚК Баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 11 қазан 2016, 12:02 2 213 рет қаралды
НАТО мен ЕО Ресеймен диалогта қатаң саясат ұстануға шақырды Әлемде

НАТО мен ЕО Ресеймен диалогта қатаң саясат ұстануға шақырды

НАТО, Еуропа кеңесі мен Еуропа парламентінің басшылары Ресеймен бір тұрғыдан диалогты жалғастыра беруді жөн көре отырып, екінші тұрғыдан Мәскеуге қатысты қатаң ұстанымда қала беретінін мәлімдеді,- деп хабарлады Азаттық. 11 қазан 2016, 10:29 1 698 рет қаралды
ХХІ ғасырда өлім жазасына орын жоқ - БҰҰ бас хатшысы Әлемде

ХХІ ғасырда өлім жазасына орын жоқ - БҰҰ бас хатшысы

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун әлемнің 65 елінде терроризммен байланысты қылмыстарға шара ретінде қолданылып келе жатқан өлім жазасына қарсы шықты. Мұндай мәлімдемені ол Дүниежүзілік Өлім жазасына қарсы күнге орай жасап, бұл мәлімдеме ұйымның сайтында жарияланды,- деп хабарлады Tengrinews.kz. 11 қазан 2016, 09:52 2 295 рет қаралды
Қазақстандағы ірі салық төлеуші өңірлер анықталды Қазақстанда

Қазақстандағы ірі салық төлеуші өңірлер анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жергілікті бюджетке түскен салық түсімінің көлемі 1,2 триллион теңгені құрады. Ірі салық төлеушілер қатарындағы Алматы қаласы, Атырау облысы және Астана салық түсімдерінің 43% қамтамасыз етті, деп хабарлады energyprom.kz мониторинг агенттігі. 11 қазан 2016, 09:48 2 190 рет қаралды
Ресей мен Түркия газ құбырын салуға келісті Әлемде

Ресей мен Түркия газ құбырын салуға келісті

Ресей мен Түркия газ құбырын салу туралы келісім жасасты. Құбыр жобасы екі ел байланысы шиеленіскен тұста уақытша тоқтатылған еді. Жоба бойынша, Turkstream құбыры арқылы Еуропаға газды Украинаны айналып өтіп тасымалдау көзделген,- деп хабарлайды Азаттық. 11 қазан 2016, 09:41 2 422 рет қаралды
Әблязовтің кепілақымен босату туралы өтініші қанағаттандырылмады Қазақстанда

Әблязовтің кепілақымен босату туралы өтініші қанағаттандырылмады

Лион аппелляциялық соты 7 қазанда "БТА Банк" бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовтың кепілақымен босату туралы өтініші қанағаттандырылмады. Бұл туралы Tengrinews.kz сайты "Экономическая правда" басылымына сілтеме жасап хабарлады. 11 қазан 2016, 09:36 1 791 рет қаралды
Назарбаев пен Мирзяев "байланысты жандандыруды" талқылады Қазақстанда

Назарбаев пен Мирзяев "байланысты жандандыруды" талқылады

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан президентінің міндетін уақытша атқарушы Шавкат Мирзяев "екі жақты байланыстарды жандандыру" жайын талқылады деп хабарлайды Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі. Ресми мәлімет бойынша, Назарбаев пен Мирзяев дүйсенбі күні телефон арқылы сөйлескенінде энергетика, транспорт және инвестиция салаларындағы ынтымақтастық жайын талқылаған,- деп хабарлады Азаттық. 11 қазан 2016, 09:29 2 478 рет қаралды