Атырау, 15 қазан 07:12
 ашықВ Атырау +17
$ 484.11
€ 528.79
₽ 5.03

Депутат Хаменова шекарада «тоналған» жесір ананың мәселесін өз бақылауына алды

4 380 просмотра

Фото: Baq.kz
Бүгін Астана қаласындағы «Нұр Отан» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөліміне ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытгүл Қайыржанқызы Хаменова келіп, азаматтарды қабылдады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Бақытгүл Қайыржанқызының қабылдауына осыдан біраз күн бұрын 49,900 долларын Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданына қарасты «Майқапшағай» кедендік бекеті тәркілеп алған жесір әйел Гүлжан Мәуітханқызы да жазылған болатын.

Гүлжан Мәуітханқызының келетінін естіген депутат Бақытгүл Қайыржанқызы арнайы гүлі мен балкүлшесін ала келіпті.
Айдың-күннің аманында адал ақшасынан айырылған ананың уәжін тыңдаған депутат ханым, қолынан келгенше заң аясында көмектесетінін, керек болса қаржы жағынан да қол ұшын беретінін айтып, жарым көңіл Гүлжан Мәуітханқызын 8 наурыз мерекесімен құттықтап, бір буда роза гүлін және балкүлшесін сыйлады.

Бір айдан бері жегені желім, ішкені ірің болып жүрген қандасымыз көзіне жас алып, депутат сіңілісінің бетінен сүйді, көз жасына ерік берді.

Мәуітхан Гүлжан ақпан айының 8-і күні Қытайдан Қазақстанға балаларымен және інісімен бірге көшіп келу үшін ШҚО Зайсан ауданына қарасты «Майқапшағай» кедендік бекетінен өтеді.

Күйеуінен жастай жесір қалып, екі баласын өмірдің небір тауқыметін тарта жүріп ер жеткізген Гүлжан Қытайдағы өзіне тиесілі үйі мен бар дүние-мүлкін сатып, ол ақшаға Астана қаласынан үй алуды көздеген екен.

Түрлі сылтауларды көлденең тартқан шекара қызметкерлері жесір ананың 49,900 АҚШ долларын тәркілеп алған еді.

Дереккөз: Вaq.kz

9 наурыз 2017, 10:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.