Атырау, 29 сәуір 00:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 457.21
€ 534.62
₽ 6.08

KPI кешенінде дабыл сигналы берілді

392 рет қаралды

KPI кешенінде пропанды өндіру, құю және сақтау учаскесіндегі төтенше жағдай сценарийі бойынша оқу-жаттығу дабылы өткізілді.

Жаттығудың жоспары бойынша, жер сілкінісі салдарынан пропан құбырының герметикасы бұзылып, шартты түрде апат орын алды. Кәсіпорын қызметкерлері нақты жағдайға барынша жақындатылған кезеңде іс-қимылдарды пысықтады.

Дабыл сигналы зауыттың жергілікті құлақтандыру жүйесі арқылы берілді. Осыдан кейін азаматтық қорғаныстың нысандық құрылымдары шартты апат орнына жедел түрде жіберілді.

Учаскеде апаттарды жою жоспарына сәйкес авариялық-құтқару жұмыстары ұйымдастырылды. Жаттығу кезінде қызметкерлердің іс-қимылдарының үйлесімділігіне, регламенттердің сақталуына және шешім қабылдау жылдамдығына ерекше назар аударылды.

Бақылаушылардың қатысуымен өткен оқу-жаттығу қорытындысы бойынша талдау жүргізіліп, қызметкерлердің әрекеттері мен қабылданған шешімдеріне баға берілді.

Жаттығуға барлығы 35-ке жуық қызметкер мен 5 бірлік техника жұмылдырылды.

Компания өкілдері мұндай оқу-жаттығулар ықтимал төтенше жағдайларға дайындықты арттыруға және барлық қызметтердің өзара іс-қимылын жетілдіруге мүмкіндік беретінін атап өтті.

1 сәуір, 16:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.