Атырау, 19 мамыр 11:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Қазақстан үздік елдер рейтингінде 71-орында

2 676 просмотра

Қазақстан US News & World Report тұжырымы бойынша ең үздік елдер қатарына кірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Портал тұжырымы бойынша, алғашқы ондық мынадай: Швейцария, Канада, Ұлыбритания, Германия, Жапония, Швеция, АҚШ, Аустралия, Франция және Норвегия. Қазақстан бұл тізімде 71-орында тұр және рейтинг бойынша Украина, Пәкістан, Ангола, Ливан, Нигерия, Алжир, Иран және Сербияның алдында тұр. 

Тізімге жалпы 80 мемлекет кірген. Авторлар Қазақстанның мұхитқа шығатын жолы жоқ ең ірі ел екенін, басым бөлігі Орта Азияда және аздаған бөлігі Шығыс Еуропада орналасқанын атап өтті.  Әрбір ел 65 белгі бойынша таңдалды. Сауалнама бойынша белгілі бір сипатқа көбірек ие болған елге баға берілді.

Дереккөз: Tengrinews.kz


9 наурыз 2017, 14:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.