Атырау, 15 қазан 07:16
 ашықВ Атырау +17
$ 484.11
€ 528.79
₽ 5.03

Оралда кірісін жасырған компанияға 68 млн теңге айыппұл салынды

2 372 просмотра

Орал қаласы мамандандырылған әкімшілік соты «Сатбор» ЖШС-на ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 278-бабы 1-бөліміне сәйкес жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

Облыстық соттың баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, БҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті шетелдіктердің қатысуымен құрылған «Сатбор» ЖШС-ның тарапынан мұнай саласын ұйымдастырудан түскен түсімнен тыс, 2011 жылғы бонус үшін салықтық есеп декларациясында 454 млн астам теңгені төмендетіп көрсету дерегін анықтады. Сот аталған ЖШС-ны айыпты деп тауып, салық және басқа бюджетке міндетті төлемдердің 15 пайызы көлемінде 68,1 млн астам теңге әкімшілік айыппұл салды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

9 наурыз 2017, 09:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.