Атырау, 19 мамыр 13:10
 бұлттыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Бағлан Майлыбаевты қамау мерзімі ұзарды

1 668 просмотра

Астана соты президент әкімшілігінің жоғары шенді бұрынғы шенеуніктері Бағлан Майлыбаев (суретте) пен Николай Галихинді қамау мерзімін ұзартты. Есіл аудандық №2 соты президент әкімшілігі басшысының бұрынғы орынбасары Бағлан Майлыбаев пен президент әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Николай Галихинді қамау мерзімін 12 мамырға дейін ұзартқан. Астана қалалық соты баспасөз қызметінің Азаттыққа хабарлауынша, бұл туралы шешім 7 наурызда жарияланған. Майлыбаев пен Галихин "мемлекеттік құпияны заңсыз жинап, таратты және жариялады" деген күдікке ілінген.

ҰҚК мәліметінше, Бағлан Майлыбаев қаңтардың 12-сі күні қызметінен босатылып, сол күні ұсталған. Онымен бірге президент әкімшілігі ішкі саясат бөлімі бастығының орынбасары Николай Галихин де ұсталған. Қаңтардың 14-і Астананың Есіл аудандық соты Майлыбаев пен Галихинді екі айға тұтқындауға шешім шығарып, екеуі ҰҚК-нің Астанадағы тергеу абақтысына қамалған. 20 қаңтарда Астана қалалық сотының апелляциялық алқасы Майлыбаевтың адвокатының оны абақтыға жабу туралы сот қаулысын өзгерту туралы шағымын қанағаттандырмай тастаған.

Майлыбаев пен Галихинге қатысты іс "құпия" деп танылғандықтан істің мән-жайы белгісіз күйде қалып отыр.

Дереккөз: Азаттық

10 наурыз 2017, 10:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.