Атырау, 23 желтоқсан 13:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Барлық жаңалық

Балық аула, браконьер! Оқиға

Балық аула, браконьер!

18 ақпанда Атырау облысында «Тоқта, браконьер!» жедел алдын алу шарасы аяқталды. Ол бір айға созылды. Бәлкім, қорытындысы бойынша құқыққорғау органдары жақсы есеп беретін шығар, бірақ «АЖ» редакциясына жолданған мына жақында түсірілген бейнежазба анағұрлым көңілге қонымды көрінеді. Бейнежазба 20 ақпан 2017, 14:51 3 151 рет қаралды
Балалар ҰБТ-ға дайындалмай, білім алуы керек - Сағадиев Қазақстанда

Балалар ҰБТ-ға дайындалмай, білім алуы керек - Сағадиев

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев ҰБТ-ның жеңілдей түскенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Министр депуттардан бітіру емтиханын құбыжық етіп көрсетпеуді сұрады. 20 ақпан 2017, 11:58 2 350 рет қаралды
Е.Сағадиев: Орыс мектептеріндегі балалардың қазақша сөйлемеуі – маңызды проблеманың бірі  Қазақстанда

Е.Сағадиев: Орыс мектептеріндегі балалардың қазақша сөйлемеуі – маңызды проблеманың бірі

Бүгінгі таңда қазақ балаларының 90 пайызы қазақ тілінде оқып жатыр. Дегенмен орыс мектептерінде оқитын балалар мемлекеттік тілде сөйлемейді. Бұл туралы Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. 20 ақпан 2017, 11:31 2 132 рет қаралды
АҚШ пен Ресей - әлемдегі қару-жарақты ең көп экспорттаушы елдер Әлемде

АҚШ пен Ресей - әлемдегі қару-жарақты ең көп экспорттаушы елдер

АҚШ пен Ресей соңғы бес жылда әлемде ең ірі қару-жарақ экспорттаушы елдер атанды. Швецияның SIPRI зерттеу институтының мәліметінше, соңғы жылдары қару-жараққа деген сұраныс Таяу Шығыс аймағында артқан. Институт 2012-2016 жылдары әлемдегі қару-жарақ экспортының 33 пайызы АҚШ-тың үлесіне, 23 пайызы Ресейдің үлесіне тигенін айтады. АҚШ-тың экспорт көрсеткіші 2011 жылдан бері 21 пайызға артқан. АҚШ экспорттаған қару-жарағының жартысына жуығы Таяу Шығысқа жеткізілген. 20 ақпан 2017, 11:10 3 443 рет қаралды
Қазақстанда балабақшаға орналасуға кезек бір тізімге біріктіріледі Қазақстанда

Қазақстанда балабақшаға орналасуға кезек бір тізімге біріктіріледі

Қазақстан бойынша балабақшаға кезек бір тізімге біріктіріледі. Бұл туралы ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 20 ақпан 2017, 10:01 2 563 рет қаралды
Гитлердің «қанды» қызыл телефоны 243 мың долларға сатылды Әлемде

Гитлердің «қанды» қызыл телефоны 243 мың долларға сатылды

АҚШ-та өткен аукционда Адольф Гитлердің жеке телефоны 243 мың долларға сатылды. Бұл туралы ТАСС агенттігіне аукцион үйінің ресми өкілі Андреас Корнфилд хабарлады, деп жазады Baq.kz. 20 ақпан 2017, 09:43 2 647 рет қаралды
Киевте демонстрацияға қатысқандар полициямен қақтығысты Әлемде

Киевте демонстрацияға қатысқандар полициямен қақтығысты

Киевте Украинаның ресейшіл сепаратистер бақылауындағы шығыс аудандарын блокадаға алуды қолдайтын демонстрацияға қатысқан ұлтшылдар мен басқа да адамдар полициямен қақтығысты. Өткен айда еріктілер батальоны Донбастағы сепаратистерден көмір сатып алуға кедергі келтіру мақсатымен Донецк және Луганск облыстарымен арадағы теміржол байланысын тоқтата бастаған. Бұл елдің басқа аудандарында отын мен электр қуатының тапшылығына әкеліп соқтырған. 20 ақпан 2017, 09:37 1 719 рет қаралды
ҚР ІІМ-ге көліктер нөміріне «әдемі» әріптерді де сату ұсынылды   Қазақстанда

ҚР ІІМ-ге көліктер нөміріне «әдемі» әріптерді де сату ұсынылды

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті көліктердің мемлекеттік нөмірлері үшін жоғары сұранысқа ие әріптерді сатуға шығаруды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  20 ақпан 2017, 09:31 2 390 рет қаралды
АҚШ Мәскеудің "ДХР" мен "ЛХР" құжаттарын мойындау жайлы шешімін сынады Әлемде

АҚШ Мәскеудің "ДХР" мен "ЛХР" құжаттарын мойындау жайлы шешімін сынады

Киевтегі АҚШ елшілігі Украинаның Донецк және Луганск облыстарының жекелеген аудандары тұрғындарына сол аймақтардағы ресейшіл сепаратистер берген құжаттарды Ресейде уақытша заңды деп тану туралы Мәскеудің қабылдаған шешімін жанжалды реттеу жөніндегі Минск келісіміне қайшы деп мәлімдеді. Мұндай мәлімдемені америкалық елшілік бүгін Twitter әлеуметтік желісінде жариялады. Сонымен бірге АҚШ елшілігі жанжал аймағында атысты тоқтатуды қамтамасыз ету мақсатында Ресей мен сепаратистерді ауыр қару түрлерін қарсылас тараптар арасын бөліп тұрған сызық бойынан алып кетуге шақырған 20 ақпан 2017, 09:21 2 611 рет қаралды
ЭКСПО-2017: «Тапсырма бере алмаймын, бірақ барғандары жақсы» Басқа жаңалықтар

ЭКСПО-2017: «Тапсырма бере алмаймын, бірақ барғандары жақсы»

«ЭКСПО-2017» көрмесіне баруға Атырау облысының квотасы 65 мың адамды құрайды. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Айгүл ӘЖІҒАЛИЕВА екінші деңгейлі банктер мен басқа қаржы ұйымдарының өкілдерімен кездесу кезінде хабарлады. 18 ақпан 2017, 21:42 2 925 рет қаралды
Лаңкестік бабы бойынша сотталған ақтөбеліктер: «Ізімізден бірде-бір ахи іздеп келмеді, тек анамызға керек екенбіз» Қазақстанда

Лаңкестік бабы бойынша сотталған ақтөбеліктер: «Ізімізден бірде-бір ахи іздеп келмеді, тек анамызға керек екенбіз»

Ақтөбелік теологтар лаңкестік бабы бойынша сотталғандармен жүздесті. Өткен жылдың маусым айында елді дүрліктіргендер өз қателіктерін түсініп, бостандықта жүрген жандарға әр секунд пен минуттің қадірін түсінуге шақырады, деп хабарлайды Тilshi.kz. Бейнежазба 18 ақпан 2017, 16:27 3 003 рет қаралды
Қанат Ислам Робсон Ассисті бірінші раундта нокаутқа түсірді Қазақстанда

Қанат Ислам Робсон Ассисті бірінші раундта нокаутқа түсірді

Қазақстандық боксшы, бірінші орта салмақтағы WBO Intercontinental және WBA Federatin тұжырымдары бойынша чемпион Қанат Ислам кәсіпқой бокстағы кезекті жеңісіне жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz. Бейнежазба 18 ақпан 2017, 10:52 2 674 рет қаралды
Универсиада билеттері бойынша ұтыс ойынында бойжеткен пәтерлі болды  Қазақстанда

Универсиада билеттері бойынша ұтыс ойынында бойжеткен пәтерлі болды

Алматы тұрғыны Жұлдыз Жұмаділова Универсиадаға сатып алған билетімен ұтыс ойынынан 2 бөлмелі пәтер ұтып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Универсиада дирекциясына сілтеме жасай отырып.  17 ақпан 2017, 16:41 1 991 рет қаралды
Павлодарлық полицей басын қатерге тіге отырып, балалар отырған автобусты соқтығысудан аман алып қалды  Қазақстанда

Павлодарлық полицей басын қатерге тіге отырып, балалар отырған автобусты соқтығысудан аман алып қалды

Павлодарлық полицейлер балалар отырған автобусты жол апатынан аман алып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бейнежазба 17 ақпан 2017, 16:33 2 797 рет қаралды
Samsung компаниясы вице-президенті тұтқындалды Әлемде

Samsung компаниясы вице-президенті тұтқындалды

Оңтүстік Корея соты Samsung компаниясының вице-президенті Ли Чжи Енді «36 миллион доллардан аса қаржыны жымқыруға және пара беруге» күдікті ретінде тұтқындаған. Бұл туралы сол елдегі Yonhap ақпарат агенттігі хабарлады. 17 ақпан 2017, 14:49 2 107 рет қаралды
«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының орнына не келді? Басқа жаңалықтар

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының орнына не келді?

Жыл басынан бері «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру тоқтатылды. Оның орнына жаңа мемлекеттік «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы қолданысқа енгізілді. Бұл туралы қалалық әкімдікте Атырау қаласы әкімінің орынбасары Мейірім ҚАЛАУИДЫҢ төрағалымен өткен кеңесте қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры Гүлнар ҚҰСПАНОВА әңгімеледі. 17 ақпан 2017, 14:44 5 969 рет қаралды
Полицейлерге күш қолданғандардың айыппұлын 11,5 миллион теңгеге өсіру туралы ұсыныс түсіндірілді Қазақстанда

Полицейлерге күш қолданғандардың айыппұлын 11,5 миллион теңгеге өсіру туралы ұсыныс түсіндірілді

Соңғы жылдары полицейлерге қарсы жасалатын күш қолдану дерегі көбейген. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Алмас Сәдубаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 17 ақпан 2017, 12:32 2 674 рет қаралды
Ағымдағы жылы Қазақстанда 4 сайлау науқаны өтеді - ОСК   Қазақстанда

Ағымдағы жылы Қазақстанда 4 сайлау науқаны өтеді - ОСК

Ағымдағы жылы Қазақстанда 4 сайлау өтеді. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының ашық отырысында комиссия төрағасы Берік Имашев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  17 ақпан 2017, 11:12 2 418 рет қаралды
Ақтөбеде ішкі істер бөлімінде өзін өртеген адамның қазасын тексеріп жатыр Қазақстанда

Ақтөбеде ішкі істер бөлімінде өзін өртеген адамның қазасын тексеріп жатыр

Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданы Ембі қаласында өзін өртеп мерт болған Серік Ерменсейітовтің қазасы бойынша қылмыстық кодекстің "өз-өзін өлтіруге дейін жеткізу" бабы бойынша іс қозғалып, оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр деп хабарлады облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі Азаттыққа. 17 ақпан 2017, 11:03 2 421 рет қаралды
Астанада тараптардың неліктен Cирияға байланысты мәлімдеме жасай алмағаны белгілі болды Қазақстанда

Астанада тараптардың неліктен Cирияға байланысты мәлімдеме жасай алмағаны белгілі болды

Делегациялар Астанада Сириядағы жағдайды реттеу бойынша өткен екі күндік келіссөздерде тараптардың неліктен келісімге келе алмағандарын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 17 ақпан 2017, 10:45 2 365 рет қаралды