Бұл біздің қаламыздың екі түрлі келбеті бейнеленген суреттер топтамасы – байырғы және қалаға жаңадан қоныс тепкен қала тұрғындары үшін керемет сыйлық. Анағұрлым өткен заман туралы айтпағанның өзінде, осыдан 10-20 жыл бұрын қаламыздың қандай болғанын ұмытып қалдық. Фотограф Михаил ХВАННЫҢ жобасы тарихқа айналған Гурьев пен қазіргі Атырауды еске алып, салыстыруға мүмкіндік береді.
Суретте 1949 жылы ашылған Жилгордоктағы «Мұнайшы» стадионын тазалау кезіндегі №20 мектептің оқушылары бейнеленген. 50-ші жылы стадионды қайта жарақтап, салып бітірді. Енді бұл «Мұнайшы» дене шынықтыру-сауықтыру кешені.
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА
Суретті түсірген Михаил ХВАН