
Алматы полицейлері баласын көлігінің жүксалғышына жатқызып қойған жүргізушіге айыппұл салды, деп хабарлайды BAQ.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Алматы қаласының ІІД баспасөз қызметі мәлім етті.
«Фольксваген» маркалы автокөліктің жүк салғыш бөлігінде жатқан бала туралы бейнематериал желіде тараған болатын. Құқық қорғаушылар бірден тексеру жұмыстарына кірісіп, ереже бұзған ер адамның кім екенін анықтапты.
«Жантүршігерлік жағдай. Ата-анасының осындай әрекеті баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Көптеген ата-ана баласының қауіпсіздігін ойламай, осындай әрекеттерге баратыны өкінішті. Айта кетейік, бұл оқиға соңғы кезде бірінші рет кездесіп отырған жоқ. Желіде бейнематериал пайда болғаннан кейін тексеру жүргіздік, содан кейін жүргізушіні анықтадық. Ол ҚР ӘҚБтК 593-бабы 1-бөлігі ереже бұзған. Жүргізушінің өзі бұл жағдайды түсіндіре алмады», - дейді Алматы қаласының ІІД ресми өкілі, полиция подполковнигі Салтанат Әзірбек.
Дереккөз: BAQ.kz
В Атырау 0