Атырау, 29 наурыз 05:50
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Премьер азық-түлік бағасының өсуіне байланысты әкімдерді жазалауды ұсынды

2 232 просмотра


Өңірлердегі азық-түлік бағасын тұрақтандыру туралы келісім орындалып жатқан жоқ. Бұл туралы ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді. Оның сөзінше, осы келісімнің орындалмауына байланысты жауапты адамдарды жазалау керек.  

"Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті белсенді жұмыс істеп отырған жоқ. Бұл дұрыс емес. Бағаны реттеп отырған комитет немесе басқа органдар жұмыс істемесе ешқандай нәтижеге жете алмаймыз. Баға қымбаттай береді. Құрметті әкімдер, кімде-кім жазаланар болса, өздеріңізге пайдалы болады деп ойлаймын. Жарты жылдың нәтижесі бойынша меморандумға сәйкес әрекет ешбір жерде орындалмаған. Егер баға өсе беретін болса бұл меморандумның не керегі бар? Сондықтан сіздерден өтініш, осы жұмысқа жауап беретін әкім орынбасарларының жауапкершілігін қараңыздар", - деді премьер. 

Айта кетейік, осы жылдың басынан бері әлеуметтік маңызы бар 19 азық-түліктің бағасы 6,8%-ға, бір айда 1,7%-ға қымбаттаған. Статистика комитетінің мәліметінше, картоп бағасы бір айдың ішінде 15%-ға, ал жыл басынан бері 75,7%-ға қымбаттап кеткен. Сәбіз маусым айында 8%-ға (жыл басынан бері 35,2%), пияз 9,9%-ға (жыл басынан бері - 79,6%), орамжапырақ 18,8%-ға (жыл басынан бері – 56,4%), қант– 5,3% (жыл басынан бері 2,4%-ға арзандаған) қымбаттаған. 

Дереккөз: qazaqtimes.com

12 шілде 2017, 11:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.