Атырау, 27 қараша 09:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Жол апатынан әжесі мен немересі көз жұмды

Толықтырылды
3 969 просмотра


9 шілде күні «Ақтөбе-Атырау-Астрахан» тас жолының 823-ші шақырымында «Toyota Estima» көлігін жүргізіп келе жатқан 30 жастағы жүргізуші басқару руліне ие бола алмай, көлік жолдан тайып кетіп аударылған.

ЖКО салдарынан көлік салонында болған 77 жастағы РФ азаматы мен оның 9 жасар немересі оқиға орнында көз жұмған.  Ал қалған төрт жолаушы әр түрлі жарақат алған.  

Облыстық ІІД-нің баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВАНЫҢ айтуынша, ҚР ҚК 345 бабы («Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы») бойынша соталды тергеу жұмыстары басталған.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

10 шілде 2017, 14:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.