11 шілде күні Атырау облысының әкімдігінде жаңа тағайындаулар болды.
Атырау облысы әкімінің өкімімен Атырау облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы болып Айдар НҰРАЛИЕВ тағайындалды. 31 жастағы жаңа басшы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі. Сонымен қатар, ол «Болашақ» бағдарламасы арқылы Лондон университеті жанындағы колледжді бітірген. Халықаралық құқық және құқық магистрі білім дәрежесі бар. Мемлекеттік қызметте – Батыс Қазақстан облысы әкімдігінде, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде, ҚР Президенті әкімшілігінде және Қаржы министрлігінде жасаған. Соңғы жұмыс орны – қазақ-канадалық бірлескен кәсіпорынның жобалық менеджері. Ағылшын тілін еркін меңгерген.
Атырау облысы Сәулет және қалақұрылысы басқармасының басшысы лауазымына Гүлбаршын АРЫСТАНОВА тағайындалды. Ол бұған дейін Атырау облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған.
Атырау облысы Жерді пайдаланылуы мен қорғау басқармасының басшысы болып Гүлзия ҚҰРМАНОВА тағайындалды. Ол бүгінгі күнге дейін Атырау облысы жер қатынастары басқармасы бөлімінің басшысы лауазымын атқарған.
Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА