Атырау, 20 мамыр 03:04
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Батыс Қазақстанда бұршақтан келген шығын көлемі анықталуда

1 513 просмотра


11 шілде күні кешкісін Зеленов ауданы Дариян ауылында жауған қатты бұршақтан келген залал көлемі анықталуда, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі. 

Ауыл әкімі Болат Ерболатовтың сөзіне қарағанда, ауылдағы бау-бақша  өскіндері түгелдей бүлінген. Сондай-ақ Дариян маңында егілген қауын-қарбыз, қиярларға да елеулі зиян келген. Бұршақтың төрт-бес автокөлікке «өз өрнегін» салғаны белгілі болуда. Ауыл-ауладағы су жиналған жерлерге автокөліктер жіберіліп, су сорылды. Абырой болғанда адамдар зардап шеккен жоқ. 

Аудан әкімінің орынбасары Асылұлан Досжановтың айтуынша, қазіргі уақытта бұршақтан келген шығын көлемі есептелуде. Еске сала кетейік, кеше кешкісін Дариян ауылында күтпеген жерден қатты бұршақ жауған болатын.

Дереккөз: ҚазАқпарат


12 шілде 2017, 09:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.