Атырау, 22 желтоқсан 11:10
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Ұлттық валюта тағы әлсіреді

2 477 рет қаралды


Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының таңғы саудасында әлсіреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 328,49 теңгеге тең болды. 

Еске салайық, 11 шілдеде доллар бағамы 327,35 теңге болған. Ұлттық валюта 1,29 теңгеге әлсіреді.  Таңғы сауданың бірінші келісімі 328 теңгемен өтті және осы ең минималдық құны болды, ал максималдық құны - 328,9 теңге. Сауданың жалпы көлемі 30,8 миллион долларға жетті. 

Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 327,9 - 328,3 аралығында. 

Мұнай бағасы 12 шілдеде Астана уақытымен 10.55-те сәл төмен түсті. Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 48,17 доллар болды.

Дереккөз: Tengrinews.kz


12 шілде 2017, 10:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.