Атырау, 20 мамыр 06:15
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Тапшылық кезінде дәрінің бағасы 200 процентке өсіп кетеді - министр Біртанов

1 642 просмотра


ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша, бүгінде дәріxаналар препараттарды қандай бағамен сататынын өздері шешеді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Осының салдарынан бір қалада орналасқан дәріxаналардың баға айырмашылығы 20 процентке дейін жетеді. Ал нақты бір дәрі-дәрмектің тапшылығы туындаса, үстеме баға 200 процентке дейін өсіп кетеді. Болгарияда тура сондай препараттың бағасы 45 процентке арзан болады. Себебі ол жерде дәрі-дәрмектердің шекті бағасы белгіленген», - деді Біртанов Үкіметтің бүгінгі отырысында. 

Министрдің айтуынша, алдағы уақытта елімізде медициналық препараттардың шекті бағасын енгізу жоспарланған. Ол үшін тиісті заң жобасы да дайын. Қазіргі кезде оны талқылау жұмысы қолға алынып отыр. 

«Ағымдағы жылы қыркүйек айында біз аталған заң жобасын Парламент Мәжілісінің қарауына енгізуді көздейміз. Ал келесі жылдан бастап Қазақстанда дәрі-дерметердің шекті бағасы енгізу керек», - деп атап көрсетті Елжан Амантайұлы. 

Осы орайда министр Үкімет басшысының қолдау көрсетуін сұрады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

11 шілде 2017, 10:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.