Атырау, 2 қаңтар 20:46
 ашықВ Атырау -13
$ 505.53
€ 593.44
₽ 6.34

Барлық жаңалық

Өрт қауіпсіздігі тексерілді Басқа жаңалықтар

Өрт қауіпсіздігі тексерілді

Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті жыл басынан бері 300-ге жуық балабақша мен мектепті өрт қауіпсіздігі бойынша тексерді. Осындай 32 нысанды тексеру сол жерде жөндеу жұмыстары аяқталғанша кейінге қалдырылды. 12 қыркүйек 2019, 11:36 4 996 рет қаралды
Сәбиге қол көтерген тәрбиеші жазаланды Басқа жаңалықтар

Сәбиге қол көтерген тәрбиеші жазаланды

Атырау қалалық мамандандырылған әкімшілік сотында қала маңындағы Жұлдыз ықшамауданындағы жеке балабақша тәрбиешісіне қатысты іс қаралды. Ол кішкентай бүлдіршіннің бірін ұрып-соқты деп айыпталған еді. Сот-медициналық сараптама сәбидің жеңіл дене жарақатын алғанын және емделуге тура келгенін анықтады. 12 қыркүйек 2019, 11:14 3 611 рет қаралды
Қырғыз депутаты БҰҰ және ЕҚЫҰ-дан Кой-Таштағы оқиғаға баға беруді сұрады Әлемде

Қырғыз депутаты БҰҰ және ЕҚЫҰ-дан Кой-Таштағы оқиғаға баға беруді сұрады

Қырғызстандық Жогорку Кенеш депутаты Ирина Карамушкина 12 қыркүйекте БҰҰ және Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) жанындағы Еуропаның демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросынан 7-8 тамызда Кой-Ташта болған оқиғаға баға беруді сұрады. 12 қыркүйек 2019, 10:53 1 766 рет қаралды
Аса маңызды істер бойынша тергеушіге қойылған ыңғайсыз сұрақтар Басқа жаңалықтар

Аса маңызды істер бойынша тергеушіге қойылған ыңғайсыз сұрақтар

№2 қалалық сотында ҚР Қылмыстық кодексінің 405-бабының 2-тармағы (Қоғамдық бiрлестiкке қатысты олардың экстремизмдi немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты қызметiне тыйым салу немесе тарату туралы заңды күшiне енген сот шешiмi бола тұра, олардың қызметiне қатысу) бойынша айыпталған азаматтық белсенді Дианара МҰҚАТОВАҒА қатысты сот процесі жалғасуда. Сурет 12 қыркүйек 2019, 10:44 6 253 рет қаралды
Бюджет қаржысын жымқырған «Сайрам-Өгем» ұлттық паркінің басшысы сотталды Қазақстанда

Бюджет қаржысын жымқырған «Сайрам-Өгем» ұлттық паркінің басшысы сотталды

Шымкент қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі «Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РМК бас директоры К.У. Керімбековке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоға сілтеме жасап.  12 қыркүйек 2019, 10:43 2 615 рет қаралды
Беларусь соты жасөспірімді 13 жылға соттады Әлемде

Беларусь соты жасөспірімді 13 жылға соттады

Беларусь соты Минск облысы Столбцы қаласында "мектеп мұғалімі мен оқушыны өлтірді" деп айыпталған жасөспірімді 13 жылға соттады. Ол жазасын жасөспірімдер колониясында өтейді. Сотталушы Вадим М. сонымен бірге жәбірленушілерге 110 мың беларусь рублі көлемінде (шамамен 53 мың доллар) айыппұл төлеуі тиіс. 12 қыркүйек 2019, 10:10 2 384 рет қаралды
АҚШ-та 11 қыркүйек күнгі теракті құрбандарын еске алды Әлемде

АҚШ-та 11 қыркүйек күнгі теракті құрбандарын еске алды

11 қыркүйекте АҚШ-та осыдан 18 жыл бұрын болған қайғылы оқиғаны еске алды. Оқиға куәгерлері және терактіден зардап шеккендердің туыстары Дүниежүзілік сауда орталығы ғимараты болған маңға жиналып, құрбандарды еске алды. 12 қыркүйек 2019, 10:05 3 006 рет қаралды
Атырау қаласының әкімі апатты үйлердің тұрғындарымен кездесті Басқа жаңалықтар

Атырау қаласының әкімі апатты үйлердің тұрғындарымен кездесті

Қала басшысы Достық көшесі, 14 және Бейбітшілік көшесі, 64 мекенжайында орналасқан екі қабатты тұрғын үйлерге барды деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. 12 қыркүйек 2019, 09:47 3 815 рет қаралды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөздер жүргізді Қазақстанда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөздер жүргізді

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпиннің ресми кездесуінің салтанатты шарасы барысында Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының мемлекеттік Әнұрандары орындалды. Құрметті қарауыл бастығы рапорт берді. Мемлекеттер басшылары Құрметті қарауылдың қатарын аралап шықты. Содан кейін Құрмет қарауылының ротасы Қазақстан Президенті мен Қытай Төрағасының алдынан сап түзеп өтті. Зеңбіректерден дүркін-дүркін оқ атылып, Мемлекеттер басшыларына құрмет көрсетілді. 12 қыркүйек 2019, 09:39 5 240 рет қаралды
«Көлікте жеті адам болдық, алтауы қаза болды, ішінде анам бар» Спорт

«Көлікте жеті адам болдық, алтауы қаза болды, ішінде анам бар»

12 Қыркүйекте Ақтөбе қаласында Қазақстанның  V Жазғы Паралимпиадасы басталады. 4 жылда бір рет өтетін осы үлкен турнирде Атырау құрамасы сапында үстел теннисінен 19 жастағы Ерлан ҚАЗИЕВ өнер көрсетпек. Жастайынан арбаға танылса да, халықаралық және республикалық додаларда топ жарып үлгерген жас жерлесімізбен «АЖ» тілшісі әңгімелесті. Сурет 12 қыркүйек 2019, 00:00 6 413 рет қаралды
Перзентханада әйел екі сәбиді терезеден лақтырып жіберді Әлемде

Перзентханада әйел екі сәбиді терезеден лақтырып жіберді

Бас прокуратураның мәліметі бойынша 9 қыркүйек күні таңертең Наманган аудандық перзентхананың артқы ауласында екі сәби табылды. Екі қыз баланы бірден жансақтау бөліміне жатқызылды. Алайда дәрігерлер қанша тырысқанмен, балалардың өмірін сақтай алмады, деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан. 11 қыркүйек 2019, 17:50 2 916 рет қаралды
Елордалық сарапшылар атыраулық дәрігерлердің қателігі қылмыстық бапқа негіз болатындығын көрсетті Басқа жаңалықтар

Елордалық сарапшылар атыраулық дәрігерлердің қателігі қылмыстық бапқа негіз болатындығын көрсетті

Атырау қалалық прокуратурасы жаңа туған нәресте өлімі бойынша №3 қалалық емхана дәрігерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады. Бұл балалардың аналары перинаталдық орталыққа босануға бармас бұрын осы емхана бақылауында болған. Қызметтік тергеу мен елордалық сарапшы мамандар жүргізген тексеру нәтижелеріне сүйенсек, дәрігерлердің бұл өлімнің алдын алуға мүмкіндіктері болған. 11 қыркүйек 2019, 17:08 4 001 рет қаралды
Сарыөзектің арнасы кеңейеді Басқа жаңалықтар

Сарыөзектің арнасы кеңейеді

31 тамызда Сарыөзекте тереңдету жұмыстары басталды, - деп хабарлады Атырау қаласы әкімінің орынбасары Шәкір КЕЙКИН. Жайық өзенінің бұл тармағы Махамбет ауданынан бастап 56 шақырым ұзындықта түбі тереңдетіліп, жағалауы нығайтылады, шлюздер мен көпір өткелдері салынады. Мердігері - «Нуркапстройгаз» ЖШС. 11 қыркүйек 2019, 16:40 3 474 рет қаралды
Атырауда Фариза апталығы басталды Басқа жаңалықтар

Атырауда Фариза апталығы басталды

Бүгін, 11 қыркүйекте Атырауда Қазақстанның халық жазушысы, жерлес ақынымыз Фариза ОҢҒАРСЫНОВАНЫҢ 80 жылдығына арналған «Патша сөздің Фаризасы» атты әдеби-шығармашылық апталық басталды. Сурет 11 қыркүйек 2019, 15:54 6 066 рет қаралды
Бала зорлағандар өмір бойына бас бостандығынан айырылады - Бас прокуратура  Қазақстанда

Бала зорлағандар өмір бойына бас бостандығынан айырылады - Бас прокуратура

Бас прокуратурасы ауыр қылмыстар үшін жазаны қатайту туралы заң жобасын әзірледі. Жаңа заң жобасына еңгізілетін нормалар жайында ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 11 қыркүйек 2019, 14:22 2 741 рет қаралды
Біз қытайлық компаниялармен бірлескен кәсіпорындар құруға мүдделіміз - Тоқаев Қазақстанда

Біз қытайлық компаниялармен бірлескен кәсіпорындар құруға мүдделіміз - Тоқаев

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға сапары барысында Қазақстан билігінің қытайлық компаниялармен бірлескен кәсіпорындар құруға мүдделі екенін мәлімдеді, деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі. 11 қыркүйек 2019, 14:14 2 654 рет қаралды
«Керемет» қоқыс Басқа жаңалықтар

«Керемет» қоқыс

«АЖ»-ға хабарласқан Авангард-3 ықшамауданының тұрғындары «Керемет» ойын-сауық саябағының артында қоқыс қалдықтарының апталап жататынын, қоқысқа жиналған шағала мен қарғалардың дауысы демалуға мұрша бермейтінін айтып шағымданды. 11 қыркүйек 2019, 14:02 3 718 рет қаралды
Ресейде тіл саясатына қарсылық ретінде өзін-өзі өртеген ғалым қайтыс болды Әлемде

Ресейде тіл саясатына қарсылық ретінде өзін-өзі өртеген ғалым қайтыс болды

Ресейдің Удмуртия аймағында мемлекеттің тіл саясатына қарсылығын білдіріп, өзін-өзі өртеген 79 жастағы ғалым Альберт Разин қайтыс болды. Ресейлік ақпарат құралдарының жазуынша, денесін толық күйік шалған белсенді 10 қыркүйекте Ижевск қалалық ауруханасында көз жұмған. 11 қыркүйек 2019, 12:21 2 680 рет қаралды