Атырау, 26 қараша 16:26
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

​Грекия халқы босқындарға қарсы ереуілге шықты

2 305 просмотра


Мигранттар қақтығысынан, экономикалық дағдарыстан шаршағанын айтқан наразылар ел аумағын босқындардан босатуын талап етті. 

Өйткені мемлекетте мигранттарға арналған орталық көбейіп, жергілікті тұрғындардың тұрмыс-тіршілігі қиындаған. Азаматтардың айтуынша, Грекия өзі қабылай алатын мигранттар лимитінен әлдеқайда асып кетті.Мысалы, сыйымдылығы 3 мың орынды құрайтын Мория орталығында 19 мыңнан астам босқын тұрып жатыр. 

Сондай-ақ лагерде мигранттар үшін жағдай жасалмағанын айтады. 2016 жылы Еуропалық одақ пен Түркия ортақ шешімге келген. Арнайы келіссөзге сәйкес, Анкара мигранттардың Еуропа елдеріне қоныс аудармауын қатаң қадағаласа, ЕО Түркияға 6 млрд еуро көлемінде қаржы беруі тиіс болатын. Кейіннен Ердоған одақ тарапынан тек 3 млрд еуроның бөлінгенін мәлімдеді. Қазіргі уақытта Түркияның өзінде азаматтық соғыстан қашқан 3,6 миллион сүриялық босқын бар. Еуроодақтың Түркиямен келіссөзі Грекияда 2015 жылдан бастап босқындардың артуына сеп болды. Лесбос елдімекеніндегі мигранттар лагерінде күні бүгінге дейін жергілікті тұрғындар мен босқындар арасында қақтығыстар орын алып келеді. Ресми мәліметтер бойынша, шамамен 24 мың босқын Еуропа асу мақсатында Грекияға қоныс аударған. 

Дереккөз: Qazaqtimes.com

24 қаңтар 2020, 10:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.