Атырау, 24 желтоқсан 14:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

​Қытайдан сәлемдеме алу қауіпті ме?

4 544 рет қаралды


Белгілі педиатр Евгений Комаровский қауіпті коронавирустың таралуына байланысты Қытайдан сәлемдеме алу қауіпті ме деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Комаровский Instagram желісіндегі парақшасында жиі қойылатын сұрақтардың біріне жауап берді: "Қытайдан сәлемдеме алу қауіпті ме?". 

"Біріншіден, вирустың сүтқоректілер денесінен тыс екі тәуліктен артық өмір сүру ықтималдығы аз. Екіншіден, вирустың жұқтырғыш дозасын заттар арқылы алу мүмкіндігі де өте аз, тіпті теориялық тұрғыдан да (жұқтырғыш доза - ауру тудыруы мүмкін микроорганизмдердің саны) солай", - деп жазған Комаровский. 

Осыдан дәрігер мынадай қорытынды айтты: "Қытайдан сәлемдемелер алуға болады!". 

Еске салсақ, Қытайда коронавирустың жаңа түріне шалдыққандар саны 1287 адамға дейін өсті, оның 41-і қаза тапты. Ал Шанхайда 2019-nCoV жаңа коронавирусынан туған өзгеше пневмония табылған алғашқы науқас емделді.

Дереккөз: Tengrinews.kz


25 қаңтар 2020, 15:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.