Атырау, 24 желтоқсан 14:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

​Ухань қаласындағы қазақстандық студенттер эвакуацияланбайды

3 579 рет қаралды


Ухань қаласында қалған 98 қазақстандық студент эвакуацияланбайды. Бұл туралы СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров айтты. 

Белгілі болғандай, қала карантинге жабылған, деп хабарлайды «Хабар 24». Сондықтан ешкімді кіргізбейді және қаладан сыртқа жібермейді. Елімізде аталған вирусты жұқтыру дерегі тіркелген жоқ. Айбек Смадияров, ҚР СІМ ресми өкілі: – Ухань қаласында 230 қазақстандық студент тіркелген. 

Бүгінгі таңда қалада 98 студент қалып отыр. Қалғандары демалыс басталғаннан бастап Қазақстанға және басқа елдерге аттанды. Ухань қаласындағы студенттермен біздің дипломаттар байланыс орнатты. 

Танымал мессенджерлер арқылы біздің студенттеріміз қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайлардағы сақтық шаралары мен тәртіп ережелері туралы хабардар етілді. Біздің студенттер бар жоғары оқу орындарының басшылығымен жұмыс байланыстары бар.

Дереккөз: 24.kz

25 қаңтар 2020, 10:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.