Атырау, 11 қазан 13:25
 ашықВ Атырау +12
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Барлық жаңалықтар

 «Облыстық перинаталды орталықты дезинфекциялау үшін түгел жабу керек» Атырауда

«Облыстық перинаталды орталықты дезинфекциялау үшін түгел жабу керек»

- Облыстық перинаталды орталық қолайсыз эпидемиологиялық жағдайда. Ол санитарлық өңдеуге түгел жабылуы керек. Бұл жерде ішінара жабу көмектеспейді. Корпустардың бірінде желдеткіш бар, бірақ ол қарапайым әрі зарарсыздандырмайды. Акушерлік блок, операция жасау бөлімдері орналасқан екінші ғимаратта желдеткіш мүлдем жоқ, - деді Қызылорда перинаталды орталығы директорының орынбасары Гүлнар ЖҰМАШЕВА денсаулық сақтау министрлігінің медицина мамандарынан құралған делегациясының үш күндік жұмыс сапарының қорытындысы жасалған жиналыста. 11 маусым 2021, 16:37 4 284 просмотра
Жабдық бар - дәрігер жеткіліксіз Атырауда

Жабдық бар - дәрігер жеткіліксіз

- Сіздерде жүкті әйелдердің жағдайы өте қиын болғанда және COVID-19 жұқтырған жағдайда еш жерде хабарлау схемасы жоқ екен. Ал мұндай жағдайда іс-қимыл алгоритмі минутқа дейін жасалуы керек. Жауапты адамдардың телефон нөмірлері көрсетілген схема көрінетін жерге ілінуі керек. Өйткені қарапайым учаскелік дәрігер денсаулық сақтау басқармасы басшысының немесе оның орынбасарының ғана емес, тіпті, өз емханасындағы директордың нөмірін де білмеуі мүмкін, - деп атап өтті Қызылорда перинаталды орталығы директорының орынбасары Гүлнар ЖҰМАШЕВА облыстық ауруханада өткен дәрігерлер жиналысында. 11 маусым 2021, 15:24 3 777 просмотра
Балықшыға қарай көлік қозғалысы ашылды Атырауда

Балықшыға қарай көлік қозғалысы ашылды

Бүгін, 11 маусымда Әуезов-Азаттық қиылысында Балықшы ықшам ауданына баратын көлік қозғалысы ашылды. Еске салсақ, Әуезов көшесін қалпына келтіру жұмыстары сәуірдің аяғында басталған еді. Жобаға 3 миллиард 227 миллион теңге бөлінді. 11 маусым 2021, 14:41 3 786 просмотра
Құрманғазыға пойыз қашан жүреді? Атырауда

Құрманғазыға пойыз қашан жүреді?

Биыл сәуір айының басында жақында Атырау - Д. Нұрпейісова станциясы жолаушылар пойызы (Құрманғазы ауданы) жолға шығады деген хабар шыққанда, Құрманғазы мен Исатай аудандарының тұрғындары қатты қуанды. Өйткені, оларға облыс орталығына барып келу үшін қазір қайта жасалып жатқан трасса бойымен таксимен жүруге тура келеді. Бүгінде бұл жолды «трасса» деп атау мүмкін емес: «Астрахань» жолымен бір рет болса да жүріп өткен жан әңгіменің төркінін түсінеді. Бейнежазба 11 маусым 2021, 11:37 4 124 просмотра
​Доссорда жүргізуші бірден төрт адамды қағып кетті Атырауда

​Доссорда жүргізуші бірден төрт адамды қағып кетті

31 мамырда түнгі сағат 1-де Мақат ауданы, Доссор кентінде 33 жастағы жүргізуші «Toyota Sequoia» көлігімен жолдан өтіп бара жатқан бүтін бір отбасы мүшелерін қағып кетті. Жол апатын жасаған азамат оқиға орнынан қашып кетті, бірақ көп кешікпей полицияның қолына түсті. 11 маусым 2021, 11:17 3 777 просмотра
Индер ауданындағы жер телімдеріне су, газ, электр желісі тартылып жатыр Атырауда

Индер ауданындағы жер телімдеріне су, газ, электр желісі тартылып жатыр

Бүгінде Индер ауданы бойынша жеке үй салу үшін жер телімін алуға өтініш берген 4825 адам кезекте тұр. Оның ішінде 2005 жылдан бастап аудан орталығында 3944 адам, Жарсуат ауылдық округінде – 125 (2018 ж. б.), Бөденеде – 174 (2016 ж. б.), Көктоғайда – 55 (2019 ж. б.), Өрлікте – 3 (2021 ж. б.), Есболда – 161 (2016 ж. б.), Елтайда – 263 адам (2013 ж. б.) арыз берген. 10 маусым 2021, 10:31 4 523 просмотра