Атырау, 3 мамыр 12:36
 ашықВ Атырау +21
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Атырау қалалық ішкі саясат бөліміне жаңа басшы тағайындалды

894 просмотра

Атырау қалалық ішкі саясат  бөлімінің басшысы қызметіне Нұрбол Өтеғалиев тағайындалды.

Н.Өтеғалиев 1992 жылы Атырау қаласында туған. 2015 жылы Т.Рысқұлов атындағы «Жаңа экономикалық университетін» аяқтап, «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығын, 2018 жылы  Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінен «Экономика және бизнес магистрі» мамандығын  алған. 

Еңбек жолын 2016 жылдан Еркінқала ауылдық округі аппаратында мемлекеттік қызметте бас маман ретінде бастаған. Тағайындалғанға дейін Атырау қалалық ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі лауазымында жұмыс жасаған.

Бұған дейін қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметін атқарған Әлішер Жанғалиев былтыр қарашада Атырау облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары қызметіне ауысқан болатын. 

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

1 ақпан, 12:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.