Атырау, 4 мамыр 05:14
 ашықВ Атырау +11
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

1100-ден астам қырғыз азаматы Ресей түрмелерінде отыр

270 просмотра
Ашық дереккөзден алынған сурет

Қырғызстанның 1452 азаматы шетелде түрмеде отыр. Қырғыз бас прокуроры Құрманқұл Зулушев 31 қаңтарда Бішкектегі баспасөз конференциясында осындай мәлімет келтірді, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

Оның айтуынша, Ресейде 1167 қырғызстандық қамауда отыр. Зулушев осы күнге дейін 74 азамат – Ресейден, бес азамат Қазақстаннан Қырғызстанға ауыстырылғанын, тағы 42 азамат бойынша келіссөз жүріп жатқанын айтты.

«Ресейдің пенитенциарлық мекемелерінде отырған 994 қырғыз азаматы Қырғызстан түрмелеріне ауысудан бас тартқан. Себебі олардың отбасылары Ресейде тұрып жатыр. Оның үстіне, олар түрмеде жүріп, жұмыс істей алады, ақша табады» дейді бас прокурор.

Ресми мәліметке қарағанда, 2023 жылдың алғашқы алты айында Ресейден Қырғызстанға - 35, 2022 жылы 33 қырғыз азаматы экстрадицияланған.

2023 жылғы сәуірде Ресей түрмелерінде отырған қырғызстандықтардың туыстары президент Садыр Жапаровқа хат жазып, оларды елге экстрадициялау ісін тездетуді сұраған. Өйткені Ресей түрмелерінде отырғандарды Украинаға соғысқа жіберіп жатыр.

Қырғызстан сыртқы істер министрі Жиенбек Кулубаев өткен айдағы баспасөз жиыны кезінде 2022 жылы Ресей түрмелерінен тұтқындарды Украинадағы соғысқа жіберу фактілері болғанын растаған. Азаттық тілшісінің сұрағына жауап берген министр ведомство өкілдері Ресей түрмелеріне барып, қырғыз азаматтарымен түсіндірме жұмыстары жүргізілгенін айтқан.

Ресми мәлімет бойынша, Ресейде сотталған қырғызстандықтардың көбі есірткіге байланысты қылмыс жасады деп айыпталған. 2022 жылы осындай айыппен 327 қырғыз азаматы сотталған.

1 ақпан, 14:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.