Атырау, 10 мамыр 02:05
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Қызылордада аса ірі көлемде алаяқтық қылмыс бойынша күдікті ұсталды

421 просмотра

30 қаңтар күні Бас прокуратураның үйлестіруімен Қызылорда қаласында аса ірі көлемде алаяқтық қылмысы бойынша күдікті Р.Қ.Қаржауов ұсталды, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі. 

Істі тергеу барысында оның 2021-2022 жылдары адамдар тобымен азаматтарға жалған автокөлік несиелерін рәсімдегендігі анықталған. 

Барлығы 235 адам зардап шегіп, оларға келтірілген залал 2,9 млрд теңгені құраған. 

Тергеу барысында Қаржауов тергеуден жалтарып, іздеуге жарияланған.

Қазіргі уақытта Қаржауов Қызылорда қаласындағы тергеу изоляторына қамалды.

Оған тағылған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

2 ақпан, 09:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.