Атырау, 25 қараша 18:21
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырауда ұлы сабақтан қалғаны үшін анасына айыппұл салынды

967 просмотра

Атырауда 3-сынып оқушысы 20 күн бойы еш себепсіз сабақтан қалған. 

Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, оқушының анасы кінәлі деп танылып, айыппұл төлейтін болды. 

«Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлігімен Ж.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.Сотта анықталғандай, құқық бұзушы Ж.-ның ұлы - 3 сынып оқушысы  дәлелсіз себептермен 20 күн бойы сабаққа қатыспаған.Яғни, азаматша Ж. кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу және оған білім беру, сондай-ақ күтім жасау және күтіп-бағу жөнiндегi мiндеттерiн орындамаған, - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында. - Сот отырысында құқық бұзушы Ж. өзінің кінәсін мойындап, әрекетіне өкінетінін білдірген. 

Сот қаулысымен кәмелетке толмаған баланың анасы кінәлі деп танылды. Алайда сот оның жеке басын, отбасылық және материалдық жағдайын, құқық бұзушылықтың сипатын ескере отырып, оған 24 150 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл тағайындады.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

1 ақпан, 15:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.