Атырау, 18 желтоқсан 14:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

Ең жоғары айлық инфляция Атырау облысында тіркелді

1 168 просмотра

Тұтыну бағаларының айлық индексі 2024 жылғы қаңтарда 0,8% құрады (өткен аймен бірдей). Азық-түлік тауарлары – 1,1%, ақылы қызметтер – 0,7%, азық-түлік емес тауарлары 0,5% өсті.

Азық-түлік тауарлары арасында бағалар қызанаққа – 18,5%, қиярға – 14,9%, тәтті бұрышқа – 12,1%, сарымсаққа – 7,4%, бананға – 6,7%, жұмыртқаға 5% өсті. Бағаның өсуі темекі өнімдеріне 3% байқалды. Күнбағыс майы – 1,7%, қант – 1,4%, пияз – 1,3%, сәбіз 1,1% арзандады.

Ақылы қызмет көрсету саласында баға заң қызметтері мен автосақтандыруға – 7,0%-дан, жолаушылар темір жол көлігіне – 6,8%, мектепке дейінгі балалар мекемелеріне – 2,6%, денсаулық сақтауға 1,6% көтерілді.

2024 жылғы қаңтарда дәрі-дәрмектерге бағаның өсуі 2% байқалды. Автокөліктер – 1,6%, жеке пайдалануға арналған тауарлар – 1,3%, құрылыс материалдары  1%  қымбаттады.

Өңірлер арасында ең жоғары айлық инфляция Атырау облысында – 1,2% (орташа республикалық деңгейден 0,4 п.т. жоғары), ең төменгі – Ұлытау және Қызылорда облыстарында 0,5%-дан тіркелді.

Өңірлер бөлінісінде ең жоғары азық-түлік тауарларының бағалары Абай облысында – 1,7%, азық-түлік емес тауарлар – Алматы және Атырау облыстарында 1,1%-дан, ақылы қызметтер – Ақтөбе  облысында 2,1% өсті.

 2024 жылғы қаңтарда жылдық мәнде инфляция деңгейі 9,5% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы – 8,2%, азық-түлік емес тауарлар – 8,6%, ақылы қызметтер 12,3% өсті.

2023 жылғы қаңтармен салыстырғанда жүзім – 47,7%, қырыққабат – 42,3%, күріш – 31,3% қымбаттады. Бағалар парацетамолға – 74,7%, ацетилсалицил қышқылына – 55,8%, белсендірілген көмірге 31,1% өсті. Тарифтер қоқыс шығаруға – 29,6%, су бұруға – 28,6%, орталықтан жылытуға – 26,7%, ыстық суға – 23,2%, суық суға – 21,9%, электр энергиясына 20,7% өсті. Керісінше, жылдық мәнде пияз – 26,4%, күнбағыс майы – 19,8%, құмшекер 15,5% арзандады.                                                                                   

Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткіші ай сайын есептеледі. Бақылаулар қызметтер мен тауарлардың тарифтері мен бағалары – барлығы 508 позиция бойынша жүргізіледі. Инфляция бойынша динамикалық өзгерістерді 2018 жылдан бастап көрсеткіштер қамтылған арнайы әзірленген интерактивті дашбордта көруге болады. 

«Бюро ай сайын инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткішін есептейді. Біз жалпы алғанда 508 позиция бойынша қызметтер мен тауарлардың тарифтер мен баға өзгерісін бақылаймыз. Бағаларды тіркеу барлық облыс орталығында, астанада және қалалар мен аудан орталықтарының белгілі бір шеңберінде әртүрлі меншік нысанындағы сауда және қызмет көрсету саласы кәсіпорындарының іріктемелі желісі бойынша жүргізіледі», – деп түсіндірді бюроның баға статистикасы департаментінің директоры Қуанышбек Жақыпбекұлы.

1 ақпан, 17:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.