Атырау, 10 мамыр 18:07
 ашықВ Атырау +9
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Канвондағы қысқы жасөспірімдер олимпиадасы Қазақстан үшін нәтижелі болды

261 просмотра

19 қаңтар-1 ақпан аралығында алғаш рет Азия құрлығында өткен қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы мәреге жетті. Бұл сайыстар Азияда алғашқы рет өтті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті. 

Қазақстан атынан 41 спортшы(рекордтық) қатысып, 5 спорт түрінен 9 дисциплинада жүлдеге таласты;

Қазақстан қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында 1 алтын, 2 қола жүлдеге ие болып, жалпы жүлде кестесінде өз тарихындағы ең жоғары 20-орынға табан тіреді;

Қазақстан намысын қорғаған жасөспірімдеріміз бірінші рет 3×3 хоккей, керлинг, фристайл могулдан жүлдені сарапқа салды;

Қазақстан өз тарихында бірінші рет чемпиондық атаққа қол жеткізді;

Илья Мизерных (шаңғымен тұғырдан секіру) — 214,0 ұпай;

Шорт-тректен Полина Омельчук бірінші рет ел қоржынына жүлде сыйлады;

Полина Омельчук (1 000 метр) — 1:41.600;

Командалық сайыста және 3×3 хоккейден бірінші рет жүлдегерлер қатарына кірдік;

Қазақстан VS Австрия 6:5.

2 ақпан, 08:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.